Жетекші – кандидат медицинских наук Тлеген Гүлжайнат Өстемірқызы.

НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ – онкохирургияда аса күрделі және жоғары жарақаттық операциялардың анестезиологиялық қамтамасыз ету. Бөлімше институт клиниканың хирургиялық қызметі 5 операциялық жабдықталған заманауи наркозды-тыныс алу аппараттарымен, дефибриллятормен, пісекті мөлшерлеуіштерімен, мониторларымен жабдықталған. Тәжірибелік қызметке анестезия және қарқынды терапияның көптеген қазіргі заманғы әдістемелері: севофлюранмен төменгі ағынды ингаляциялық анестезия, жоғары эпидуральды анестезия енгізілген. Ұсынылған мүмкіндіктер хирургтерге ауыр ілеспелі аурулары мен күрт шектелген функциялық қорлары бар науқастарға күрделі операцияларды орындауға береді. Интра мен операциядан кейінгі асқынулардың елеулі және түзеткіш тәуекел факторларын барынша мүмкін өтемақысын анықтау мақсатында бөлімше қызметкерлері науқастарға операция алдылық кеңес-беруін өткізеді.

Бөлімше 12 реанимациялық төсек-орынмен жабдықталған. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды емдеудің негізгі мақсаты жедел араласу және басқа да себептердің (онкологиялық аурулардың таралуы, жіті хирургиялық емес жағдайлар) салдарынан бұзылған өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің функцияларын қалпына келтіру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады. Өкпенің ұзартылған жасанды желдетуі әр түрлі тәртіптемелерімен, сонымен қатар тұрақты мөлшерлеген инфузия әдісімен операциядан кейінгі эпидуральды аналгезия жүргізіледі. Анестезиолог-реаниматологтар жұмысын зертханалық жедел диагностикасының жақсы жабдықталған тобы қамтамасыз етеді. Тәулік бойы қан құрамынының қышқыл, сілті, газ және электролиттік, негізгі метаболиттердің, қан ұю жүйе көрсеткіштерінің зерттеулері орындалады. Қажет болған жағдайда капнометрия, гемодинамика мониторингтің инвазивті және инвазивті емес әдістері, газ алмасу көрсеткіштері жүргізіледі.