Заведующая приемно-консультативным отделением Канафьянова Куралай Газизовна

Приёмно-консультативное отделение расположено на первом этаже поликлинического корпуса, существует со дня создания Казахского НИИ онкологии и радиологии.

Қабылдау-кеңес беру бөлімшенің меңгерушісі Канафьянова Құралай Ғазизқызы

+7 727 346 30 99 Call-center
+7 727 292 90 63 Тіркеу бөлімі
Қабылдау-кеңес беру бөлімшесі емхана корпусының бірінші қабатында орналасқан, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ құрылған күннен бастап жұмыс істейді.
Күнделікті онкологиялық науқастарды емдеу бойынша химиотерапевтер мен радиологтар, хирург онколог мамандары қабылдау жүргізеді. Мамандандырылған емдеуде онкологиялық науқастарды қабылдау және ауруханаға жатқызу, сонымен қатар жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету жүзеге асырылады. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ жоспарлы тәртіпте емдеуге жатқызуы тәулік бойлы стационарға жатқызу Бюро портал арқылы немесе қалалық және облыстық онкологиялық диспансерлерден күндізгі стационарға бағыт бойынша жатады. Күн сайын институт стационарына орта есеппен 45-50 емделушілер жатқызылады. 2017 жылға ауруханаға жатқызудың 10 000 жағдайлары жоспарланған.

Ауруханаға жатқызу кезінде науқаста міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлігі, 001-3У нысанның бағыты, жоспарлы жатқызудың талоны, тәуліу бойлы стационарға жіберілген жағдайда ауруханаға жатқызудың көрсетілген күні мен өзіне қамтитын қажетті тексеру тізбесі болуы керек:
ҚЖТ – ауруханаға жатқызу кезінде 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
ЗЖТ – ауруханаға жатқызу кезінде 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
Қанның биохимиялық талдауы – ауруханаға жатқызу кезінде 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
Коагулограмма – ауруханаға жатқызу кезінде 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
RW немесе микрореакция – ауруханаға жатқызу кезінде;
В және С гепатитке қан талдауы – ауруханаға жатқызу кезінде;
ЭКГ – ауруханаға жатқызу кезінде 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
50 жастан үлкен емделушілер – ЭХОКГ, кардиологтың кеңес беруі;
АИВ-ке қан талдауы – ауруханаға жатқызу кезінде 3 айдан аспауы тиіс;
Кеуде қуыс мүшелерінің рентгенографиясы – ауруханаға жатқызу кезінде 3 айдан аспауы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талдауларсыз науқастарды жіберу кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды тұрғылықты жер бойынша тексеруге жібереді немесе емдеуге жатқызудың тағайындалған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде ҚазОРҒЗИ-дің ақылы негізде барлық талдауларды тапсырады. 3 (үш) күн өткеннен кейін емделушілерге Жатқызу Бюро порталында ауруханаға жатқызудың қабыл алмауы тіркеледі.
Жоспарлы науқастардың жалпы ағыннан басқа бөлімше ақылы негізде науқастардың қабылдауын жүргізеді. Бас және мойын ісіктер, сүйек және жұмсақ тіндер, тер ісіктер, онкогинекология, маммология, торакальды мен абдоминальды онкология, онкоурология, нейроонкология және гематология бойынша бейінді білікті мамандар қабылдайды. Онкологиялық ауруларды емдеу және диагностика сұрақтары бойынша профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары қабылдайды.
Қабылдау-кеңес беру бөлімшесінің электрондық пошта арқылы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ емдеуіне науқастарды жіберу, сондай-ақ, науқастарды одан әрі емдеу тактикасын әзірлеу сұрақтары бойынша онкологиялық диспансерлердің мамандарымен күнделікті байланыс жүзеге асырылады.
2015 жылы 16 қыркүйектен Қазақ онкология және радиология ҒЗИ қабылдау-кеңес беру бөлімшенің негізінде Call-center құрылды. Орталықта екі оператор жұмыс істейді. Call-center операторлардың қызметі Қазақ онкология және радиология ҒЗИ мамандандырылған емдеу, кеңес-берулер, жатқызу мәселелерінде емделушіге шынайы ақпаратты ұсыну болып табылады. Халық сауалынан негізгі сұрақтары – Қазақ онкология және радиология ҒЗИ диагностикалық бөлімшелер мен мамандардың жұмыс кестесі туралы; ҚазОРҒЗИ емдеуіне қалай түсуге болатынын; жатқызу үшін тексеруден өткізу және тексеруді қайдан өтетінін; ашық есік күндерін өткізу; онкологиялық ауруларға қайда және қалай тегін тексеруге және т.б. Онкологиялық науқастар мен емделушілердің туыстарына психо-әлеуметтік көмек мәселелері бойынша Call-center-де «телефон» желісін енгізу жоспарлануда.
Науқастарға қызмет көрсетудің және қабылдау мен диагностиканың тиімділігін арттырудың оңтайлы нұсқаларын бөлімшеде үнемі іздеу жүргізіледі.