Әділбай Дәурен Ғалымұлы

Ғылым бойынша директордың орынбасары, м.ғ.к.,
– т. 8 (727) 292-10-63,
e-mail: dr.dauren@gmail.com

Гончарова Татьяна Георгиевна

Ғылыми хатшы, б.ғ.д.,
– т. 8 (727) 292-33-07,
e-mail: goncharova.2004@mail.ru

Институт базасында «Қазақстан онкология және радиологиясы» атты рецензиялаушы ғылыми-тәжірибелік журнал шығарылады(ISSN 1684-93Х, жазылу индексі -74684). Онкология және радиология саласында мамандандырылған ғалымдар, клиницистер, ізденушілер, аспиранттар, оқытушылар, студенттер сияқты оқырмандардың кең аудиториясына журнал бағытталған. Журнал Қазақстан Республикасында ең беделді журналдардың бірі болып табылады, 2012 ж. бастап нөлдік емес импакт-факторы алынған. Оқырмандар тіркелген журнал сайтында (www.oncojournal.kz) журналдың баспасөз басылымының барлық мақалаларына толықмәтінді рұқсаты ұсынылған (онлайн-нұсқада).

Институттың ғылыми қызметі денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу сапасын арттыруға бағытталған 2013-2017 жж.-ға ШЖҚ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ғылыми бөлімнің инфрақұрылымы. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми-техникалық қызметтің конкурсына қатысу құқығын беретін ғылыми және ғылыми-техникалық субъект ретінде институт тіркелген. Ғылыми зерттеулерді басқаруға бағытталған Ғылыми Кеңес институтта жұмыс істейді. Сонымен қатар, гранттық зерттеу бөлімі, бағдарламалық-мақсатты зерттеу бөлімі, Дипломнан кейінгі білім беру орталығы және ғылыми менеджмент, биостатистика, дәлелді медицина, патенттік-ақпараттық қызмет, «Қазақстан онкология және радиологиясы» атты Журналдың баспа тобының мамандарын қамтитын ғылыми бөлім тұрақты қызмет жасайды (ғылым бойынша директордың орынбасары басқарады). Бөлімде Жас ғалымдар кеңесі бар, сол Кеңестің міндеті жас қызметкерлер мен резиденттерді институттың ғылыми жұмысына белсенді қатыстыру.

Өйткені ҚазОРҒЗИ жалпы қызмет бейінді мамандардың біртұтас аумағында шоғырлану жолымен клиника, ғылым және білімнің аймақтық интеграция нысаны ретінде білдіреді, бұл институттың барлық ұжымның ғылыми қызметке тарту мүмкіндігін анықтайды. Институт бөлімшелері және ғылыми-әдістемелік орталықтардың (10 орталық) қызметкерлері ғылыми зерттеулерімен тікелей айналысады. Бұдан басқа, бекітілген жобаларды орындау кезінде БМҚ және ГҚ бағдарламары бойынша қаржылай қолдауды алуға конкурсты өту кезінде уақытша ғылыми ұжымдар (УҒҰ) қалыптасады. Осылайша, 2012-2014 жж. БМҚ ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау кезінде 9 УҒҰ, 2015-2017 жж. ҚР БжҒМ-нен гранттар – 5 УҒҰ, 2017-2019 жж. БМҚ – 4 УҒҰ құрылды. Клиникаға дейінгі, клиникалық және басқа зерттеулер бағдарламасын орындау кезінде жекелеген УҒҰ құрылады.

Онкология және радиология ҚазҒЗИ ғылыми зерттеулер спектрі соңғы 5 жылда айтарлықтай кеңейді. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ негізгі ғылыми-әдістемелік қызметі онкологиялық науқастарды емдеу және диагностиканың жоғарытехнологиялық тиімді әсерлерін әзірлеу және енгізуге, іздеуге бағытталған.

2012-2014 жж. ҒТП бойынша зерттеулер жүргізілді. «Қатерлі ісіктерді емдеудің ғылыми-негізделген мультимодальды технологияларды әзірлеу» ( 9 ғылыми тақырыптар бойынша БМҚ).

«Өкпе қатерлі ісігінен өлім-жітімнің болатын себептерін азайту және ер адамның репродуктивті денсаулығының бұзушылықтарын алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін темекіні тұтынуын азайтуға концептуальды тәсілдерін әзірлеу» БМҚ ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру бойынша ШЖҚ «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің Ұлттық орталығы» РМК бірге 2014-2016 жж. Бірлескен зерттеулер жүргізілді.

2015 ж. бастап ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру бойынша 5 жобалар Қазақ онкология және радиология ҒЗИ орындалды. Жобалардың ішінен үшеуінің жұмысы 2016-2017 жж. жалғастырылды.

  1. «Қазақстандағы ауыз және ауыз қуысындағы индукцияланған қатерлі ісіктің АВП таралуы және оның болжамдық маңыздылығы»
  2. «Қазақстандағы қуық асты безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасы мен алдын алудың ғылыми негізделген үлгісін әзірлеу»
  3. «Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісігі бар балалардың өмір сапасын арттыру және психоәлеуметтік оңалту бағдарламасын әзірлеу және жетілдіру»

2017 ж. бастап ҚазОРҒЗИ «Бірқатар маңызды ауруларды емдеу әдістері мен симптомға дейінгі диагностиканың жаңа молекулалық-генетикалық амалдары» атты ҒТП (БМҚ) үш жылдықты орындауына қатысады.

Бұдан басқа институтта клиникаға дейінгі, клиникалық және бастамашылық ғылыми-зерттеулер үнемі жүргізіледі:

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігі отандық және шетелдік басылымдарында шығарылған әдістемелік нұсқаулықтар, монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар санымен сипатталады. Институт қызметкерлері келесі ғылыми-техникалық өнімдерді: 2012 ж. – 53 жарияланымдар, 2013 ж. – 78 жарияланымдар, 2014 ж. – 197 жарияланымдар, солардың ішінен нөлдік емес импакт-факторы бар – 50 жарияланымдар, 2015 ж.-120 жарияланымдар (оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар – 65 жарияланымдар: 82 мақалалар, 24 тезистер, 14-клиникалық хаттамалар, әдістемелік нұсқаулықтар, ұсынымдар), 2016 ж. – 159 жарияланымдар (оның ішінде 2 монографиялар, 6 әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар, 1- клиникалық басшылық, 113 мақала, 37 тезистер, бұл ретте халықаралық басылымдарда – 83) шығарды. 2012-2016 жж. Институт қызметкерлерімен ҚР ӘМ зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитетпен мақұлдаған 33 инновациялық патенттер алынған. Оқу барысына және денсаулық сақтау тәжірибесіне 5 жыл ішінде Қазақстанның онкологиялық қызметіне шетелден алынған, сондай-ақ институт қызметкерлері әзірленген жаңа медициналық технологиялары – 141 ғылыми әзірлемелері (енгізу актілері) енгізілген, солардың ішінде: 2012ж. – 12, 2013ж. – 45, 2014ж. – 18, 2015ж. – 28, 2016ж. – 38 енгізу актілері кірді.

Жыл сайын институт қызметкерлері баяндамамен халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға қатысады: 2013 ж. – 44 баяндама (оның ішінде шетелге шығуымен 25), 2014 ж. – 152 баяндама (оның ішінде шетелге шығуымен 22), 2015 ж. – 155 баяндама (оның ішінде шетелге шығуымен 108), 2016 ж. – 93 баяндама (оның ішінде шетелге шығуымен 23).

Қазақ онкология және радиология ҒЗИ мақсаты: ғылыми, клиникалық және оқу тәжірибе интеграциясының үлгілі инфрақұрылымы бар әлемдік рейтингі мен халықаралық тіркеуі бар озық ғылыми-зерттеу институт болу.