ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЗИ ҒЫЛЫМИ-МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ

ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЗИ ҒЫЛЫМИ-МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ

Ғылыми-медициналық кітапхана 1960 жылы құрылды және кітаптармен, баспаның басқа туындылармен, электронды материалдармен, сонымен қатар кітапхананың құрамдас қорының интернет ресурстармен қоғамдық қолдануды ұйымдастыратын институттың идеологиялық және ғылыми-ақпараттық қосалқы бөлімшесі болып табылады.

2015 жылы кітапхананың қоры 16586 дана кітапты құрады, оның ішінде: ғылыми-медициналық журнал – 2435 дана., 2489 автореферат және 331 диссертация.

Оқырмандардың өтініші бойынша кітапхана қоры жыл сайын қажетті әдебиеттері мен мерзімді басылымдарымен толықтырылады.

Кітапхана институтта жұмыс істейтін профессорларға, докторларға, дәрігерлер мен медбикелерге,курсанттар мен резиденттерге, сонымен қатар стационарлық емдеудегі науқастарға кызмет көрсетеді.

Кітапхана оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетеді, денсаулық сақтау жүйесінің басқа медициналық кітапханаларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кітапханада кітапханааралық абонемент бар. Әдебиеттің жаңа түсімдеріне тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Кітапхана Республикалық мерекелерге, сондай-ақ қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысады (баяндамаларды дайындайды).

Кітапхана қызметкерлері кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қайта-қайта жоғары кітапханалық курстарда, семинарларда оқытылады.