4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күні.

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күні.

1
2

“Қатерлі ісікпен күресейік” қорына 10 жыл

2018 жылдың 1-10 ақпан күндері Қазақстанда WeCanICan кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты онкологиялық аурулар және оларды емдеу мен алдын алу әдістері туралы адамдарды дұрыс ақпараттандырудан тұрады.

Жыл сайын 4 ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу мәселелер бойынша медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру, сонымен қатар тегін скринингтік тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі туралы тұрғындарды хабардар ету.

3 ақпан күні сағат Esentai Mall-да танымал қазақстандық орындаушылардың қатысумен «Together Against Cancer» атты акциясын қолдаудағы қайырымдылық концерті өтті. Қайырымдылық акцияның шеңберінде 3 және 4 ақпан күндерінде науқанға қатысатын бутиктердің сату сомасынан 10 пайызға дейін қаржы химиотерапия кезінде шаш түсуді болдырмауға арналған аппаратты және онкологиялық пациенттерді қолдау үшін басқа медициналық жабдықты сатып алуға бағытталады.

Онкологиялық ауруларымен күрес ҚР Денсаулық сақтау жүйелердің басым бөлігінің бірі болып табылады. Отандық медициналық ұйымдарда пациенттің әсіресе аурудың ерте сатысында толық сауықтыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қатерлі ісікті емдеу мен диагностиканың озық технологиялары бар.

Скринингтік медициналық тексерулер қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау және алдын алудың ең тиімді әдістері болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның онкологиялық ұйымдардың есебінде 160 мыңнан астам онкологиялық науқастар тұр.

2011-2016 жылдардың кезеңінде қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуі байқалады, бұл онкологиялық патологияның ерте анықтауына бағытталған іс-шараларға байланысты. Жыл сайын Қазақстанда барлық аймақтар бойынша 5-8 %-ға алғашқы анықталған қатерлі ісіктердің санының артқаны байқалады.

Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулардың 9 негізгі нысандары бар: әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігі, тердің обыры, өкпенің қатерлі ісігі, асқазанның обыры, жатыр мойнының қатерлі ісігі, жиек ішектің обыры, тік ішектің қатерлі ісігі, гемобластоздар (қан жүйесінің ісіктері) және қуық асты безінің қатерлі ісігі.

Қазақстанда онкологиялық аурулардың өлім-жітімі халықтың өлім-жітім құрылымында жүрек-тамырлық патологиядан кейін екінші орында тұр. Сол уақытта қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі бірінші кезекте, ерте сатыларда қатерлі ісіктердің диагностиканың жақсаруына және емдеу нәтижелердің тиімділігіне байланысты.

Қазақстан Республикасында онкологиялық науқастарды емдеу мен диагностикалау толығымен мемлекеттің есебінен жүзеге асырылады және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Декреттелген тұрғындардың онкологиялық скринингтер тегін жүргізіледі: сүт безінің қатерлі ісігіне (әйелдер), жатыр мойнының қатерлі ісігіне (әйелдер) және колоректалды қатерлі ісігіне (ерлер мен әйелдер).