ҚазОРҒЗИ-дың жас науқастарына арналған дельфинді терапия

ҚазОРҒЗИ-дың жас науқастарына арналған дельфинді терапия

Алматы қаласындағы «Немо» Дельфинариумымен ынымақтастықтың арқасында Психологиялық және әлеуметтік көмек бөлімінің қызметкерлерімен бірге ҚазОРҒЗИ балалар онкологиясы Орталығының балалары дельфинариумға жылына бір рет барады. 42 бала дельфин терапиясынан өтті (2 жастан 17 жасқа дейін). Әр балаға дельфин терапиясы тиімділік пен психологиялық бағытта әртүрлі дәрежедегі оң нәтижесін берді.

Дельфин терапия әдісі дельфинді пайдалану арқылы науқасқа бағытталған психикалық және физикалық жүйенің әсері болып табылады.

Дельфин терапияның мақсаты – науқастың өзіне деген алаңдаушылық деңгейін төмендету және оның жағдайына және қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту. Тікелей немесе жанама түрде адамның эмоцияларына, шешімдеріне және өзін-өзі тануына кешенді ықпалы бар. Тіпті дельфин терапиясын анықтауда оны психотерапиямен және физиотерапиямен толық байланыстыруға болады.

Ал, балалар үшін ең маңыздысы – планетаның осындай таңғажайып, бейбітсүйгіш, ақылды және достық жануарларымен қарым-қатынас жасау қуанышы!

Опубликовано Ильмирой Хусаиновой Понедельник, 20 августа 2018 г.