Қазақстан бас және мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау Еуропа апталығына төртінші рет қатысып отыр.

Қазақстан бас және мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау Еуропа апталығына төртінші рет қатысып отыр.

ҚазОРҒЗИ – ның қолдауымен Merck және Acino компаниялары қыркүйектің әрбір үшінші аптасында алты қаланың тұрғындарында тіс дәрігерінен, онкологтардан және отоларингологтан тегін тексеруден өту мүмкіндігі бар.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Merck және Acino компанияларының қолдауымен қыркүйек айының әрбір үшінші аптасында алты қаланың тұрғындары өздерінен бас және мойын қатерлі ісігінің соңғы кезеңі анықталуынан қорғану үшін тіс дәрігері, онколог және отоларинголог дәрігерлерден тегін тексерістен өту мүмкіндіктері бар. Биылғы жылы тексерістен Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Семей және Ақтөбе қалаларынан өте алады.

Қабылдауға жазылу үшін 8 800 080 05 58 нөмеріне хабарласу қажет.

Қазақстандағы бас және мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау Еуропа апталығында жоғарыда айтылған қалалардың тұрғындары үш дәрігерден: тіс дәрігерінен, онкологтан және оторларингологтан тегін тексерістен өте алады. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бас және мойын обыры орталығының басшысы Кайбаров Мурат (төмендегі бейнежазбадан көріңіз) – неліктен дәл осы әдіс сапалы диагностиканы жүргізуге мүмкіндік беретіні туралы айтып берді