ШҚО-да өкпе қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша Пилоттық жоба іске қосылды

ШҚО-да өкпе қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша Пилоттық жоба іске қосылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша қуықалды безі, колоректальды және сүт безі қатерлі ісігі ауруларын қосып алғанда өкпе қатерлі ісігі аурымен ауыратындардың өлімі жоғары болады. Өкпе қатерлі ісігі ауруы бойынша Қазақстан жетекші орындарды алуын ескере отырып, 2018 жылдың 12 және 13 шілдесінде ШЖҚ РММ «Шығыс Қазақстан облысының онкологиялық диспансері» базасында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен өкпе қатерлі ісігі ауруын ерте диагностикалау бойынша алғаш рет пилоттық жоба жүргізілді

Тексеру арнайы төмен дозалы компьютерлі томографияның (ТДКТ) көмегімен жүргізілді, осыған байланысты сәуле жүктемесі компьютерлі томографияның жүктемесінен екі-төрт есе төмен.

Шығыс аймағының 240 тұрғыны тексеруден өтуге қатысты.