Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрі-дәрмектер тізімі ұлғайтылады.

Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрі-дәрмектер тізімі ұлғайтылады.

Бұл бұйрыққа Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрі ағымдағы жылдың кыркүйекгінде қол қойды. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану Қағидаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Атап айтқанда, ереже Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ауыр науқастарды ауруды сездірмейтін инъекциялық емес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ұсыныстарына сәйкес, дәріханалардан таблетка тектес ауруды сездірмейтін есірткіні беру және рецептке жазу туралы нормамен толықтырылды.

Яғни, ауыр науқастарды тегін ауруды сездірмейтін инъекциялық емес медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін таблетка түрінде ауруды сездірмейтін Морфинді есірткі өндірілу басталды, ал науқастарды ауруды сездірмейтін опиодты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметтерін «СК-Фармация» ЖШС сатып алды.

2018 жылдың қазан айынанан бастап науқастарды таблеткалық есірткі дәрілік заттарымен қамтамасыз ету мүмкін болады.