ҚазОРҒЗИ-да ілеспелі емдеу бойынша дөңгелек үстел өтті

ҚазОРҒЗИ-да ілеспелі емдеу бойынша дөңгелек үстел өтті

ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ы базасында 2018 жылдың 29 қазаны күні «Онкологиядағы ілеспелі емдеудің заманауи мүмкіндіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Онкологиялық науқастарды кешенді емдеуде іліспелі емдеу маңызды орын алады. Ілеспелі емдеудің тиянақты жүргізілгенінен онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасы тәуелді.

ҚазОРҒЗИ директоры, м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Қайдарова Диляра Радиковна өзінің құттықтау сөзінде қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі мен оның тәжірибелік онкологиядағы жоғары маңыздылығын атап өтті.

Осы ғылыми іс-шараны ұйымдастыру мақсаты – қатерлі ісіктерді ісікке қарсы дәрілік емдеудің жағымсыз оқиғаларын түзетудің қазіргі заманғы стандарттарын талқылау және гематологиялық, кардиохирургиялық және гепатотоксикалық онкологиялық науқастарға арналған тактикаға ерекше назар аудару.

Кездесу барысында спикерлер қатерлі ісікті дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз әсерлері туралы, анемияға қарсы терапия бойынша жаңартылған халықаралық ұсыныстарды қарау туралы, кейбір химиотерапия препараттарының кардиохирургиялық және тері уыттылығы мәселелері және клиникалық үлгідегі нейтропенияның түзеуі мен сүйек асқынуларының қазіргі үрдістері бойынша баяндамалар ұсынды.

Өңірлердің тәжірибелі дәрігерлерімен қатерлі ісіктерді емдеу мен диагностикалаудың мерзімді Хаттамаларына ілеспелі емдеуді қосу туралы мәселе талқыланды.

Іс-шараға ҚазОРҒЗИ-дың онколог-дәрігерлері мен химиотерапевттері, Алматы және Алматы облысының облыстық және қалалық диспансерлері, онкогематологтар, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатура және резидентура кафедрасының қызметкерлері, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің студенттері және резидент дәрігерлері қатысты.