ҚазОРҒЗИ-да ҚР фундаментальды медицина және клиникалық Академия Президентімен резиденттердің кездесуі өтті

ҚазОРҒЗИ-да ҚР фундаментальды медицина және клиникалық Академия Президентімен резиденттердің кездесуі өтті

2018 жылдың 29 мамырында ҚазОРҒЗИ-да ҚР Клиникалық және іргелі медицина Академиясының Президенті ҰҒА академигі Талғат Аширович Муминовпен резиденттердің, сондай-ақ, институт директоры Д.Р. Кайдарованың, ҚазОРҒЗИ дәрігерлерінің және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттердің қатысуымен кездесу өтті.

Талғат Аширович Муминов – медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың фтизипульмонология кафедрасының прфессоры. Т.А. Муминов 13 жыл бойы С.Ф.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін басқарған.

Профессор Т.А. Муминов «Медицина. Шекспир. Абай» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте Муминов Т.А. дәрігердің жұмысын таңдау туралы, медицина қызметкерінің қиындықтары мен қуаныштары туралы әңгімелеп, дәрігердің жоғары моральдық қағидаттарға ие болуы керек екенін, оның мәдени және әдеби мұраларымен байытылуы қажеттілігі туралы айтты. Сондай-ақ, ол ұлы дала ақыны Абайдың туындыларына және ұлы ағылшын ақыны Шекспирдің дененің сауығыуы, емделуі туралы шығармаларына салыстырмалы талдау жүргізді.