ҚазОРҒЗИ-де 2016 жылғы резиденттерге сертификаттарды тапсыру салтанаты өтті

ҚазОРҒЗИ-де 2016 жылғы резиденттерге сертификаттарды тапсыру салтанаты өтті

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында резидентураға 3 мамандық бойынша дайындық жүргізіледі: «Онкология», «Сәуле диагностикасы» және «Сәуле терапиясы». Қазіргі таңда 74 резидент бітірді, оның ішінде «Онкология» мамандығы бойынша 54, «Сәуле диагностикасы» бойынша 16 және «Сәуле терапиясы» бойынша 4.

Резидентура түлектерінің 7 маманы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, ал қалған онкологтар, рентгенологтар, ультрадыбыс мамандары, КТ, МРТ және рентгенолог мамандары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының онкологиялық орталықтары мен БМСК ұйымдарына барады