ҚазОРҒЗИ-дің үздік маманы Дина Тулеуова тері қатерлі ісігінен қорғану туралы айтып берді

ҚазОРҒЗИ-дің үздік маманы Дина Тулеуова тері қатерлі ісігінен қорғану туралы айтып берді

Онкология және радиология Институтуының үздік маманы-хирург-онколог Дина Тулеуова Hola News журналистіне тері қатерлі ісігінен қалай қорғану керектігі туралы айтып берді.

Тері қатерлі ісігінің жиі кездесетін түрлері: негіздікжасушалы, жалпақжасушалы, метатиптік карцинома және меланома. Бүгін біз меланома туралы сөйлесеміз.

Қазақстанда онко аурулар құрылымында тері қатерлі ісігі 1 орынды алады. Тері меланомасы терінің барлық анықталған қатерлі ісіктерінің 10%-ын құрайды.

Меланома дегеніміз не?

Меланома – қазаға ұшырататындай қауіпті және болжап болмайтын онкологиялық ауру. Бұл ауру атмосфераның озон қабатын айтарлықтай бұзатын және тікелей күн сәулесінің теріге әсерінің салдары болып саналады. Меланома ерте метастазия жасайды және тез дамиды. 30% жағдайда меланома невустан дамиды.

Тері меланомасымен қалай ауруға болады?

Бұл мультифакторлы ауру, оның пайда болу себептері әртүрлі нәрселерде көрініс табуы мүмкін, УФ-сәулемен тері инсоляциясын артық пайдаланудан бастап, жанұялық факторлар, теріде пайда болған көптеген дақтардың болуы, иммунитеттің түсуі, Д витаминінің жетіспеушілігі және стресстің әсері. Адамдар курортқа барған кезде күнде жүру ережесін ұстанбайды. Жаз кезінде таңғы сағат алтыдан онға дейін және кешкі бестен кейін күнге қыздырынуға болатынын естен шығармау керек.

Бұл ауруға солярийдің қатысы бар ма?

Иә, бұл да УФ-сәулелендірудің бірі түрі болып табылады.

Пигментті дақтан меланоманы айыру мүмкін бе?

Егер денеңізде бар қалдың түсі өзгеріп, көлемі ұлғайып, ылғалданып, қыши бастаса, кеңес алу үшін онколог-дәрігерге немесе дерматологқа көрінген дұрыс. Тері меланомасы біркелкі емес контурлы және біркелкі емес пигментациялауға ұқсайды. Ол кышуы, ауырсынуы, мөлшерін үлкейтуі және кейде қанауы мүмкін.

Ерте кезеңдегі тері обырын анықтау үшін тексеруден қаншалықты жиі өтіп тұру керек?

Егер адам денесіндегі қалдардың саны 15-тен 20-ға дейін болса, онда ол дерматолог пен онкологта байқалуы керек. Емдеуді ерте кезеңде бастау үшін немесе маман аурудың алдын алуды тоқтату қалдардың өзгеруін қадағалап, сарапшы аурудың алдын алуға немесе емдеуді ерте кезеңде бастай алады.

Меланома жұқпалы ма?

Жоқ.

Можно ли самому отличить меланому от пигментного пятна? 

Если имеющаяся родинка начала расти, меняться в окраске, зудеть, мокнуть или на теле появилось новое пигментное пятно, то нужно обращаться за консультацией к врачу-онкологу или дерматологу. Меланома кожи может выглядеть как родинка с неровным контуром и неравномерной пигментацией. Она может зудеть, болеть, увеличиваться в размерах и иногда кровоточить.

Как часто нужно проходить обследование, чтобы выявить рак кожи на ранней стадии?

Если количество родинок на теле человека больше 15-20, то он должен наблюдаться у дерматолога и онколога. Наблюдая за изменениями этих родинок, специалист может предотвратить заболевание или начать лечение на ранней стадии.

Меланома заразная? 

Нет.

Тері обыры ауруымен жиі ауыратындар кімдер?

Меланома 40-50 жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі. Жасы үлкен болса, аурудың қаупі соғұрлым жоғары болады. Бірақ жас адамдарда да сирек болса да кездеседі.

Тері меланомасы әсіресе ақ нәсілді халықты зақымдайды, ал африкалық немесе азиялық тұрғындарында қараңғы тері болғандықтан ауру деңгейі өте төмен болады.

Меланомамен еліміздің қандай өңірлерінде жиі ауырады?

Негізінен солтүстік өңірлерде: Павлодар, Өскемен, Алматы дәне Астанада. Бұл аймақтарда терінің жеңіл фототүтуі бар халық басым болады және азаматтар алдын-алудың және қорғаудың қарапайым ережелерін

сақтамай, ыстық елдерге жылына 2-4 рет демалуға барады.

Меланомадан өле ме?

Ерте кезеңде диагностикаланған және анықталған меланомадан 92-97% жазылады. Кеш кезеңде анықталған меланома өмірге және денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін.

Меланоманы Қазақстанда емдей ме?

Иә. Қазақстанда Медицина саласы өте жақсы дамып келе жатқандықтан, шетелдік мамандарға көрінудің қажеттілігі жоқ. Чиссов айтқандай: «ерте меланоманы емсіз қалдырғанша, қатерсіз сүйек өскінін тілуге душар болған жақсы».

Дерек көзі: https://holanews.kz/