Жатыр мойны қатерлі ісігін жою бойынша ДДСҰ бастамасын қолдау үшін IGCS мәлімдемесі

Жатыр мойны қатерлі ісігін жою бойынша ДДСҰ бастамасын қолдау үшін IGCS мәлімдемесі

Жатыр мойны қатерлі ісігі қатерлі ісіктің алдын алуға және емдеуге болатын түріне жатады. Оны адам паппиломасының вирусына қарсы вакциналаудың көмегімен, сонымен қатар скрининг пен диагностика және инвазиялық емес ауруды емдеу арқылы алдын алуға болады. Алайда дүниежүзінде жатыр мойны қатерлі ісігі әйел өмірі ұшін ең қауіпті қатердің бірі болып қалады. Жатыр мойны қатерлі ісігі және онымен байланысты өлім жағдайының 85% табыс деңгейі төмен және орташа елдерде болып жатыр, бұл дүние жүзінде ең әлсіз әйелдердің арасынан қажетсіз азаптарға апарады.

 

Халықаралық гинекологиялық онкологиялық қоғам (IGCS)  Strategic Alliance Partner бірегей серіктес үлгісі арқасында өзінің ғаламдық қатысуын тез ұлғайтады. Бірге біз бүкіл әлемде жатыр мойны қатерлі ісігінен өлімді төмендетуге көмектесу және инвазиялық ауруы бар әйелдерді сәйкес емдеумен қатар жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі мен адам паппиломасы вирусына қарсы вакциналаудың маңыздылығы туралы мәлім болуын арттыруға көмектесу жауапкершілігін сезіп тұрмыз.

 

2018 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебреесус жатыр мойны қатерлі ісігін жоюға іс-әрекет жасауға шақыру мақсатында сөз сөйледі. Бұған дүние жүзіндегі барлық қыздар адам паппиломасы вирусына қарсы вакциналау және 30 жастан асқан әрбір әйел адам скринигтен өтіп, обыр алды зақымданудан емделу кіреді. Доктор Тедрос инвазиялық емес қатерлі ісіктің ең ерте кезеңіндегі диагностикасы мен емдеуге қолжетімділігін арттырып, мұқтаж болған әйелдер үшін паллиативтік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету керектігімізді айрықша баса айтты.

 

IGCS стратегиялық альянс бойынша серіктестермен бірге жатыр мойны қатерлі ісігін жою бойынша іс-әрекет жасауға доктор Тедростың үндеуін берік қолдап, бұл маңызды бастамада ДДСҰ-мен бірігіп қызмет жасауға міндет алдық. Гинекологиялық онкология саласында дүниежүзілік жетекші маман болып, IGCS-тың жатыр мойны қатерлі ісігін жоюға өзінің елеулі үлесін қосуға дайын бүкіл жер жүзінде мүшелер мен серіктестері бар. Біз адвокация, скрининг, инвазиялық емес қатерлі ісігін емдеу, патология және паллиативтік көмек саласында өзіміздің ұжымдық және әлемдік тәжірибемізбен бөлісеміз. Біз,әсіресе бұл ауыртпалық ең жоғары болып жатқан табыс деңгейі төмен және орташа елдерінде, жатыр мойны қатерлі ісігінің скрининг, диагностикасымен емдеуін жақсартуға көмектесу үшін оқу және білім беру бағдарламаларымызды нығайтып, кеңейтеміз.

IGCS стратегиялық альянс бойынша серіктестермен бірге жатыр мойны қатерлі ісігінен азап шегу мен өлімді болдырмау үшін ДДСҰ-мен бірігіп күш салуға бел байлады.

 

Халықаралық гинекологиялық онкологиялық қоғам  және стратегиялық альянс бойынша серіктестер:

  • Аргентинаның гинекологиялық онкология қауымдастығы
  • Asociación Colombiana de Ginecólogos Oncólogos
  • Қазақстан Республикасы онкологтарының қауымдастығы
  • Өзбекстан онкологтарының қауымдастығы
  • Беларусь онкологтарының қоғамы (гинекология бөлімі)
  • Қытай гинекологиялық онкологиялық қоғамы
  • Индонезия гинекологиялық онкология қоғамы
  • Израиль гинекологиялық онкология қоғамы
  • Мексиканың гинекологиялық онкологтар колледжі
  • Таяу Шығыс және Жерорта теңіз гинекологиялық онкологтарының қауымдастығы
  • Панараб гинекологиялық онкология ғылыми-зерттеу қоғамы
  • Тай обыр гинекологиялық қоғамы
  • Халықаралық гинекологиялық патологтар қоғамы
  • Филиппин гинекологиялық онкологтар қоғамы