Главная Новости Институт резиденттерінің кеңесі өз жұмысын бастады

Институт резиденттерінің кеңесі өз жұмысын бастады

от Ернур

Бүгін Қазақ онкология институтында жас мамандардың ғылыми әлеуетін дамытуға және білім беру ортасын нығайтуға бағытталған жаңа консультативтік орган – Резиденттер кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кеңес жұмысының мақсаты – резиденттер зерттеу дағдыларын жүйелі түрде дамытатын, ғылыми жобаларға қатысатын және академиялық өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыратын кәсіби алаң құру.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

  • институттың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу;
  • өзекті ғылыми жарияланымдарды талқылау және талдау;
  • академиялық жазу, статистика және деректерді талдау бойынша құзыреттерді дамыту;
  • қазіргі заманғы онкологтың базалық дағдысы ретінде сыни ойлауды қалыптастыру.

Отырыс қорытындысы бойынша бірауыздан:

  • Резиденттер кеңесінің төрағасы — Қамытаев Ә. Ж., «Онкология (ересектер)» ББ, 1 курс резиденті;
  • Кеңес хатшысы — Пак Л. А., «Онкология (ересектер)» ББ, 1 курс резиденті сайланды.

Резиденттер кеңесі жас мамандар мен институт арасындағы жаңа коммуникациялық көпірге айналып, бастамаларды жүзеге асырушы драйвер ретінде кадрларды даярлаудағы заманауи, инновациялық және үздіксіз тәсілді қамтамасыз етеді.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности