Главная Новости Республикалық науқан қорытындысы: 1180 әйел тегін кеңес алды

Республикалық науқан қорытындысы: 1180 әйел тегін кеңес алды

от Ернур

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша бірыңғай ашық есік күні Қазақстанның барлық онкологиялық ұйымдарында Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күрес айына орайластырылған «Қызғылт қазан» республикалық науқаны аясында өтті.

Бұл күні әйелдер онкологтар мен маммологтардан тегін кеңес алып, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау бойынша кеңестер алып, қажет болған жағдайда тексеруден өтті.

Акция жолдамасыз және МӘМС болуына қарамастан өткізілді. Қатысу үшін тек жеке куәлік қажет болды

Республикалық науқан қорытындысы:
1180 әйел тегін кеңес алды.
36 әйелде қатерлі ісік немесе қатерлі ісікке күдік анықталды.
192 адамда обырға дейінгі жағдайлар тіркелді.
518 әйелде бақылау мен емдеуді қажет ететін басқа аурулар анықталды.
733 диагностикалық зерттеу жүргізілді (УДЗ, маммография, цитологиялық жағындылар).

Науқан мақсаты — әйелдердің қатерлі ісікке шалдығу қаупі факторлары туралы хабардарлығын арттыру, тұрақты тексерілудің маңыздылығын түсіндіру және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности