Главная Новости 13 желтоқсан — Ас қорыту мүшелері ісіктерін ерте диагностикалау бойынша бірыңғай ашық есік күні

13 желтоқсан — Ас қорыту мүшелері ісіктерін ерте диагностикалау бойынша бірыңғай ашық есік күні

от Ернур

Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары асқазан, ұйқы безі және бауыр қатерлі ісігін алдын алу және ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күніне қатысуға шақырылады.

Іс-шара Ас қорыту жүйесінің аурулары туралы хабардар болуды арттыру айлығы аясында өткізіледі және тұрақты диагностика мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Елімізде жыл сайын асқазан, ұйқы безі және бауыр қатерлі ісігінің 5 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркеледі. Пациенттердің көпшілігі аурудың кеш сатысында, көбінесе III сатысында жүгінеді. Бұл денсаулықты дер кезінде тексерудің маңыздылығын көрсетеді.

Қашан және қайда

13 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында.

Дәрігердің кеңесін кім ала алады

Кеңестер барлық ниет білдірушілерге қолжетімді, жасына, тұратын жеріне және жолдамасының бар-жоғына қарамастан.

Сізді не күтіп тұр

  • жетекші онкологтардың тегін қабылдауы;
  • қызықтыратын сұрақтарға жауаптар;
  • тәуекелдің жеке факторларын бағалау;
  • өмір салты және денсаулықты сақтау бойынша ұсынымдар;
  • ісіктерді диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері туралы ақпарат.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Іс-шараға не үшін қатысу қажет

Ас қорыту мүшелерінің ауруларын ерте анықтау табысты емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Мынадай белгілерге назар аудару керек:

  • іштің ауыруы немесе ауырлығы;
  • ісіну;
  • тамақтан кейінгі қолайсыздық, тез қанығу;
  • жүрек айну, тәбеттің өзгеруі, азық-түліктен жиіркену;
  • тері мен көздің сарғаюы, несептің қараюы;
  • себепсіз салмақтың азаюы;
  • арқаға түсетін ауырсыну;
  • түсініксіз шаршау.

Бұл симптомдар әрдайым онкологияны көрсетпейді, бірақ уақтылы тексеруді талап етеді.

Денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз. Қазір өзіңіздің әл-ауқатыңызға қарай қадам жасаңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік онкологиялық орталықтарға жүгіну қажет.

Онкологиялық орталықтардың мекенжайлары:

Астана қаласы
ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК
Мекенжайы: Астана қ., Манас к-сі, 17-үй.
Анықтама телефондары: 8(7172) 95-40-33, 95-40-34, 8 778 870 01 68.

Алматы қаласы
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ
Мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 91
8 (727) 292-04-47,  8 (727) 292-18-04, 8 (727) 292-00-61, 8 (727) 292-99-20,
8 (727) 292-99-21, 8 (727) 292-99-30, 8 (727) 292-19-84.

Алматы қаласы
Мекенжайы: Алматы қ., Папанин к-сі, 220А, литер А, 1-қабат.
Анықтама телефоны: 8(727) 312-24-74.

Алматы облысы
«Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы» (АӨМК)
Мекенжайы: Алматы қ., Роза Бағланова к-сі, 69а.
Анықтама телефоны: 8 (727) 367-49-93.

Шымкент қаласы
«Қалалық онкологиялық орталық»
Мекенжайы: Шымкент қ., Байтұрсынов к-сі, 85а.
Анықтама телефоны: 8(7252) 38-00-70.

Ақмола облысы / Көкшетау қ.
«Көпсалалы облыстық аурухана»
Мекенжайы: Көкшетау қ., Ақан сері к-сі, 1в, онкополиклиника.
Анықтама телефоны: 8(7162) 33-04-94.

Ақтөбе облысы
КДО МЦ «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»
Мекенжайы: Ақтөбе қ., Жаңа Қоныс – 8, КДО.
Анықтама телефоны: 53-42-20.

Жетісу облысы / Талдықорған қ.
«Облыстық көпсалалы клиника»
Мекенжайы: Талдықорған қ., Абай к-сі, 316, поликлиниканың 1-корпусы.
Анықтама телефоны: 8(7282) 40-10-55.

Атырау облысы
«Атырау облыстық онкологиялық диспансері»
Мекенжайы: Атырау қ., Владимирский к-сі, 2, емханалық бөлімше.
Анықтама телефондары: 8(7122) 76-60-38, 8(7122) 76-60-40.

Батыс Қазақстан облысы / Орал қ.
ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК
Мекенжайы: Орал қ., Алматинская к-сі, 58.
Анықтама телефоны: 8(7112) 91-80-52.

Қарағанды облысы
ШЖҚ «№3 көпсалалы аурухана» МКК
Мекенжайы: Қарағанды қ., Қ.Аманжолов к-сі, 189.
Анықтама телефондары: 8(7212) 94-05-33, 8 778 021 05 05.

Қызылорда облысы
ШЖҚ «Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы» МКК
Мекенжайы: Қызылорда қ., Берке хан к-сі, 49А (бұрынғы модульді инфекциялық орталық).
Электрондық пошта: skdo_kzo@bk.ru
Анықтама телефоны: 8 778 152 20 95.

Қостанай облысы
КМК «Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасы»
Мекенжайы: Қостанай қ., Кубеев к-сі, 2, жаңа емхана.
Анықтама телефондары: 8(7142) 52-40-77, +7 775 030 91 47.

Маңғыстау облысы / Ақтау қ.
ШЖҚ «Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері» МКК
Мекенжайы: Ақтау қ., 1А шағын аудан, №3 ғимарат.
Анықтама телефоны: +7 771 308 43 16.

Павлодар облысы
ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» МКК
Мекенжайы: Павлодар қ., Ресей к-сі, 57/3 ғимараты, А корпусы.
Анықтама телефондары: 8(7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91.

Солтүстік Қазақстан облысы / Петропавл қ.
МОБ «Онкологиялық орталық»
Мекенжайы: Петропавл қ., Ауэзов к-сі, 133, емхана.
Анықтама телефондары: 8(7152) 35-00-08, 46-60-08.

Абай облысы / Семей қ.
«Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығы»
Мекенжайы: Семей қ., Күтжанов к-сі, 3.
Анықтама телефондары: 8(7222) 69-42-16, +7 702 075 07 80.

Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ.
«Көпсалалы онкология және хирургия орталығы»
Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус, КДО.
Анықтама телефондары: 8(7232) 48-91-51, 8 778 003 78 45.

Ұлытау облысы / Жезқазған қ.
«Көпсалалы облыстық аурухана»
Мекенжайы: Жезқазған қ., Иманжан к-сі, 11, 6-қабат, 14 және 18 кабинеттер.
Анықтама телефондары: 8(7102) 77-31-50, 8 771 283 83 38.

Жамбыл облысы / Тараз қ.
«Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері»
Мекенжайы: Тараз қ., Балауса шағын ауданы, 8-үй (Қызыл жұлдыз ауылына қарсы бетте).
Анықтама телефоны: 8 702 365 39 28.

Түркістан облысы
«Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы»
Мекенжайы: Шымкент қ., Құрманбеков к-сі, 2/6.
Анықтама телефоны: 8(7252) 40-72-01.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности