Главная страница » КазНИИОиР проводит мониторинг онкологической помощи в Актобинской области

ҚазОжРҒЗИ Ақтөбе облысында көрсетілетін онкологиялық көмекке мониторинг жүргізіп жатыр

от admin

2025 жылғы 12–15 мамыр аралығында жұмыс сапары аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) мониторингтік тобы Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы медициналық ұйымдарда кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Сапардың мақсаты – онкологиялық қызмет саласында ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық-тәжірибелік көмек көрсету.
Мониторингтік топ құрамына онколог-дәрігерлер, онкохирургтер және техникалық мамандар кірді. Сапар аясында медициналық ұйымдардың қызметіне кешенді мониторинг жүргізілуде, оның ішінде клиникалық тексерулер, емдеу процесіне қатысу, дәрігерлерді оқыту және медицина персоналымен әдістемелік жұмыс қамтылған. Қазіргі заманғы диагностикалау мен емдеу стандарттарын енгізуге, сондай-ақ жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша өңірде онкологиялық көмекті одан әрі жетілдіруге, кадрлық әлеуетті нығайтуға және пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленеді.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий