Клиникалық тәжірибе алмасу және мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ядролық медицина және онкология орталығында «бүйрек обыры» диагнозы қойылған науқасқа бірлескен хирургиялық операция жасалды.
Ота Ядролық медицина және онкология орталығының хирург, анестезиолог және реаниматологтарынан құралған мультидисциплинарлық команда мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкоурология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Хусан Умурзаковтың қатысуымен жүргізілді.
Операция аясында лапароскопиялық нефрадреналэктомия және тромбэктомия сәтті орындалды. Науқастың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Профильдік жетекші мекемелер мамандарының қатысуымен жоғары технологиялы бірлескен операцияларды жүзеге асыру – заманауи емдеу тәсілдерін енгізуге, онкологиялық көмектің сапасын арттыруға және медициналық кадрлардың кәсіби біліктілігін дамытуға мүмкіндік береді.