4,2Тысяч
2025 жылғы 18 тамызда Қазақ онкология институтының тобы Ұлытау облысына келді. Сапардың мақсаты – аймақтық онкологиялық қызметті қолдау, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету және онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Алғашқы күні институт мамандары өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды және онкологиялық көмектің ұйымдастырылуын талдады. Ерте диагностиканы күшейту, скринингтік тексерулерді кеңейту және бастапқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің біліктілігін арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Команданың жұмысы 22 тамызға дейін жалғасып, өңір халқы үшін онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталатын болады.