Главная Новости ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

от Ернур

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан медицинасы күндері аясында «Қазақстан – Өзбекстан: денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық форум өтті.

Форумға екі елдің денсаулық сақтау министрлері — Ақмарал Әлназарова мен Асилбек Худаяров, Қазақстан мен Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшілері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, сондай-ақ екі елдің ғылыми институттары мен жетекші медициналық орталықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды алаңына айналды.

Форум аясында Қазақ онкология институтының Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмекті дамыту» тақырыбында баяндама жасап, ерте диагностика, дәрілік қамтамасыз ету және инновациялық технологияларды —роботтандырылған хирургия мен  ядролық медицинаны енгізу бағытындағы жетістіктерді атап өтті.

Форум қорытындысында Қазақ онкология институты мен Өзбекстан Республикасының онкология және радиология жөніндегі мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат аясында бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, тағылымдамалар мен оқу бағдарламаларын өткізу, сондай-ақ екі ел мамандарының тәжірибе алмасуы көзделген.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности