Главная Новости Қазақ онкология институты Атырау облысында торакальды хирургияның заманауи әдістерін енгізуде

Қазақ онкология институты Атырау облысында торакальды хирургияның заманауи әдістерін енгізуде

от Ернур

30-31 қазанда Атырау облысына жұмыс сапарымен Қазақ онкология институтының онкохирургі Бауыржан Оспанұлы Иманбеков келді. Сапар күрделі онкологиялық операциялар жүргізуге, өңірлік мамандардың біліктілігін арттыруға және көкірек қуысы ауруларын емдеуде заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталды.

Жұмыс барысында институт маманы:
* өкпе онкопатологиясы бойынша бірқатар күрделі оталар жасалы;
* облыс дәрігерлеріне арналған оқыту шеберлік сабақтарын өткізді;
* онкологиялық пациенттерді қабылдауды жүзеге асырды;
* торакалды хирургияның заманауи әдістерін және олардың тәжірибелік қолданылуын көрсетті.

Жүргізілген жұмыс онкологиялық көмектің өңірлік жүйесін нығайтуға және оның тиімділігін арттыруға, пациенттердің алдыңғы қатарлы емдеу әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақ онкология институты медицина кадрларын уақытылы диагностикалау, хирургиялық емдеу және кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейте отырып, еліміздің барлық өңірлерінде онкологиялық көмекті дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности