Балалар онкологиясы орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінен қатерлі ісіктері бар балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Емдеу тәулік бойы стационарда және заманауи технологиялар мен жеке терапия схемаларын қолдану арқылы консультациялық қабылдауда жүргізіледі.
Орталық Varian Medical Systems үш желілік жеделдеткішімен (TrueBeam 2059, TrueBeam 6487, Ethos) жабдықталған, бұл радиотерапияның алдыңғы қатарлы әдістерін – VMAT, IMRT, IGRT қолдануға мүмкіндік береді. Технологиялар сау тіндерге ең аз әсер ете отырып, сәулеленудің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
Әртүрлі орналасқан ісіктерді емдеуге арналған химиотерапия, таргетті және иммунотерапия, хирургиялық ем жүргізіледі. Жұмыс отандық және шетелдік мамандарды, соның ішінде профессор Майя Джугашвилиді (Испания) тарта отырып, мультидисциплинарлық тәсіл қағидаттарына негізделген.
Науқастар үшін робототехника, музыка, АТ және жалпы білім беру пәндері бойынша сабақтарды қамтитын Smart-school бағдарламасы ұйымдастырылған. Оқытуды интеграциялау балалардың психологиялық жайлылығы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Орталық халықаралық ғылыми жобаларға белсенді қатысып, балалар онкологиясы саласында Қазақстанның әлеуетін дамыта отырып, инновациялық диагностика және терапия әдістерін енгізеді.

Кривенко Елена Владимировна — балалар онкологиясы орталығының жетекшісі, балалар онкологы, балалар хирургі.
Балалар онкологиясында 11 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар маман. Қазақстанда, Ресейде («Дмитрий Рогачев атындағы БГОИ ҰМЗО» ФМБМ) және Нидерландыда (Princess Máxima Center, Утрехт) оқудан және тағылымдамадан өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) және қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАИР) бірлесіп, балалардың онкологиялық ауруларын ерте диагностикалауды дамытуға бағытталған халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады.
Халықаралық балалар онкологиясы қоғамының (SIOP) мүшесі. Халықаралық конференцияларда үнемі сөз сөйлейді, St.Jude Global бағдарламасының стипендиаты болып табылады.
Орталық құрамында:
- Тоқмолдаева Қарлығаш Алтынбекқызы — жоғары санатты дәрігер, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.
- Гончарова Алена Андреевна — сәулелік терапевт дәрігер. Еңбек өтілі — 6 жыл.
- Коко Алия — балалар офтальмологы, еңбек өтілі 10 жыл. Онкологиялық патология аясындағы офтальмологиялық көріністері мен асқынулары бар балаларды тұрақты бақылауды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

















