Главная ХИМИОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫ

ХИМИОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫ

от Ернур

Химиотерапия орталығы 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді. Қазіргі заманғы дәрілік терапия хаттамаларын пайдалана отырып, қатерлі ісіктің әртүрлі түрімен ауыратын пациенттерді емдеумен айналысады. Бөлімше 25 төсекке есептелген.

Орталықта 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті онколог-дәрігерлер мен медицина мейірбикелері қызмет атқарады. Медициналық қызметкерлер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, халықаралық симпозиумдар мен тағылымдамаларға қатысады. Бұл клиникалық тәжірибеге заманауи тәсілдерді енгізуге және онкологиялық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Химиотерапия орталығы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және ұлттық әрі халықаралық клиникалық хаттамаларға сәйкес жұмыс істейді, пациенттердің қауіпсіздігі мен емнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жыл сайын бөлімшеде 1000-нан астам пациентке ісікке қарсы дәрілік терапия көрсетіледі. Ем тиімділігінің жоғары көрсеткіштері заманауи химиотерапиялық сызбаларды, таргеттік және иммуноонкологиялық препараттарды қолдану, сондай-ақ дәрілік емді жекелендірілген тәсілмен таңдаудың арқасында қамтамасыз етіледі.

Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:

  • классикалық цитостатикалық химиотерапия жүргізу;
  • таргеттік және иммуноонкологиялық препараттарды қолдану;
  • дәрілік терапияның тиімділігі мен төзе алушылығын мониторингілеу;
  • емдеу үдерісінде пациенттерді динамикалық бақылау;
  • жаңа ісікке қарсы дәрілер бойынша клиникалық зерттеулерге қатысу.

Абдрахманов Рамиль Зуфарович — химиотерапия орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Онкология саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Қашық және жақын шетелдің жетекші онкологиялық орталықтарында оқудан және тағылымдамадан өткен. Халықаралық емдеу стандарттарын енгізуге белсенді атсалысады, көпорталықты зерттеулерге қатысады және Қазақстан мамандарына арналған оқыту мастер-класстарын жүргізеді.

Отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген 37 ғылыми еңбектің, 3 өнертабыс патентінің және 3 әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Еуропалық медициналық онкология қоғамы (ESMO) мен Фармакоэкономикалық зерттеулер халықаралық қоғамының (ISPOR) мүшесі.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медаль (2016 ж.).
  • «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі (2018 ж.).
  • «Нұр Отан» партиясы төрағасының алғысы (2014 ж.).
  • Ғылыми, әдістемелік және клиникалық қызметке қосқан үлесі үшін КазОРҒЗИ директорының алғыс хаттары (2017–2018 жж).
  • «Отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы (2024 ж.).

Настройки доступности