Главная СҮТ БЕЗІ ІСІКТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ

СҮТ БЕЗІ ІСІКТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ

от Ернур

Сүт безі ісіктері орталығы – сүт безі обырымен ауыратын науқастарға ерте анықтаудан бастап дербестендірілген терапияға, қайта құруға және кейіннен оңалтуға дейінгі көмектің толық циклін қамтамасыз ететін мамандандырылған клиникалық алаң.

Орталық 43 төсек-орынға арналған және заманауи хирургиялық және диагностикалық жабдықтармен, соның ішінде операциялық флуоресценттік визуализация жүйелерімен, флуоресценттік лимфографиямен, навигациялық локализаторлармен және онкопластикалық қайта қалпына келтірудің озық технологияларымен жабдықталған.

Жыл сайын 1000-нан астам науқас мамандандырылған көмек алады. Жұмыс мультидисциплинарлық тәсіл (tumor board) қағидаттарына негізделген, жетекші мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Негізгі қызмет бағыттары

  1. Ерте диагностика
  • Сандық маммография, УДЗ, сүт бездерінің МРТ-сы.
  • Аз инвазивті биопсияларды қоса алғанда, морфологиялық және иммуногистохимиялық верификация.
  • Қолға білінбейтін ісіктерді таңбалау (клиптер, маркерлер, ICG).
  1. Хирургиялық емдеу
  • Радикалды және ағзаны сақтайтын араласулар.
  • Онкопластикалық операциялар және қайта қалпына келтіру: бір сәттік және екі кезеңдік, ТДҚ-қақпақша, имплант негізделген әдістер, симметриялайтын операциялар.
  • Лимфа дренажын визуализациялау және ошақтарды дәл оқшаулау үшін ICG-навигация мен технологияларды пайдалану.
  1. Дербестендірілген терапия
  • NCCN, ESMO және St.Gallen ұсынымдарына сәйкес химио-, гормон-, таргеттік және иммунотерапия.
  • Ісік биологиясы, генетикалық факторлар және болжамдық маркерлер негізінде емдеуді жеке таңдау.
  1.  Операциядан кейінгі оңалту
  • Хирургиялық емдеуден кейін медициналық және эстетикалық оңалту.
  • Лимфедеманың алдын алу және емдеу: периметрия, лимфодренаж, заманауи оңалту хаттамалары.

Зерттеулер мен инновациялар

Орталық мынадай салаларда белсенді ғылыми жұмыстар жүргізуде:

  • флуоресценттік лимфография мен ICG-навигацияны енгізу және оның тиімділігін бағалау;
  • онкопластикалық және қайта қалпына келтіру технологияларды оңтайландыру;
  • лимфостазды ерте диагностикалау, алдын алу және емдеу хаттамаларын әзірлеу;
  • операциядан кейінгі оңалту және пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру саласындағы зерттеулер. Зерттеу нәтижелері Орталықтың тәжірибелік жұмысына енгізіліп, емдеу тиімділігін арттырады және асқыну жиілігін азайтады.

Орталықтың миссиясы

Пациенттерге диагностикалау, емдеу, қайта қалпына келтіру мен оңалтудың халықаралық стандарттар мен тәжірибеге біріктірілген заманауи технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз ететін Орталық Азиядағы онкомаммология саласындағы флагмандық алаңды құру.

Әбдірахманова Әлия Жаңалыққызыорталықтың басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, онкомаммолог-хирург, жұмыс өтілі 30 жылдан астам. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Түркияда және Кюри обыр институтында тағылымдамадан өтті. ESMO және ASCO-ны қоса алғанда, халықаралық кәсіби қоғамдастықтардың мүшесі.

Орталық командасы пациенттерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, заманауи әдістемелерді енгізеді, Қазақстандағы онкологиялық көмектің сапасын арттыра отырып, ғылыми және халықаралық жобаларға қатысады.

 

 

Орталықтың құрамында жұмыс істейді:

  • Байжігітов Алмаз Бақытбекұлы – онкомаммолог дәрігері, пластикалық хирург;
  • Сұлтансейітов Шухрат Сманжанұлы – онкомаммолог дәрігері, пластикалық хирург;
  • Тоғызбаева Әсем Якуббекқызы – онкомаммолог дәрігері, пластикалық хирург, PhD;
  • Омарбаева Назгүл Айдарбекқызы – онкомаммолог дәрігері, пластикалық хирург, PhD докторанты;
  • Исмаилов Марат Бишарович – онкомаммолог дәрігері;
  • Хван Николай Сергеевич – онкомаммолог дәрігері;
  • Қаженова Әрузат Саяділқызы – онкомаммолог дәрігері.

Настройки доступности