Главная Новости Онкология: өмір сүру шегі 65%-ға дейін өсті

Онкология: өмір сүру шегі 65%-ға дейін өсті

от Ернур

Қазақстанда онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға дейін өсті. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сүт безі, қуық асты безі және жатыр мойны обырын емдеуді жақсарту ең үлкен үлесті қосты. Бұл түрлер бойынша көрсеткіш 80%-дан асты, деп хабарлайды «24KZ».

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 59 жағдайға дейін төмендеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Мұндай нәтижеге диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін дамыту, зерттеп-тексерулерге қолжетімділікті кеңейту және сәулелік терапия орталықтарының санын ұлғайту арқасында қол жеткізілді.

Денсаулық сақтау министрі аяқталған скринингке ақы төлейтін мамандандырылған скринингтік орталықтар, сондай-ақ онкологиялық науқастарды амбулаториялық бақылау орталықтарын құруды пысықтауды тапсырды.

Дереккөз: 24.kz

 

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности