Главная Новости Қазақ онкология институтының дәрігері Австрияда халықаралық тағылымдамадан өтуде

Қазақ онкология институтының дәрігері Австрияда халықаралық тағылымдамадан өтуде

от Ернур

Қазақ онкология институтының радиология және ядролық медицина бөлімінің дәрігері Амангелді Мұхамеджан Landeskrankenhaus-Universitätsklinikum Graz клиникасының педиатриялық радиология бөлімінде — Medical University of Graz (Австрия) клиникалық базасында (observership) тағылымдамадан өтуде.

Бағдарлама Open Medical Institute (OMI) қолдауымен іске асырылуда және халықаралық кәсіби алмасуды нығайтуға бағытталған.

Тағылымдама жас мамандарға алдыңғы қатарлы клиникалық және зерттеу тәжірибесін қабылдауға, жетекші еуропалық клиникаларда қолданылатын бейнелеу мен диагностиканың заманауи әдістерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Мамандардың кәсіби өсуін қолдау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту Қазақ онкология институты қызметінің басым бағыттары болып табылады. Қызметкерлердің шетелдік оқыту бағдарламаларына қатысуы отандық тәжірибеге алдыңғы қатарлы технологиялар мен стандарттарды енгізуге, Қазақстанда пациенттерді диагностикалау мен емдеудің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности