Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары асқазан, ұйқы безі және бауыр қатерлі ісігін алдын алу және ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күніне қатысуға шақырылады.
Іс-шара Ас қорыту жүйесінің аурулары туралы хабардар болуды арттыру айлығы аясында өткізіледі және тұрақты диагностика мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Елімізде жыл сайын асқазан, ұйқы безі және бауыр қатерлі ісігінің 5 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркеледі. Пациенттердің көпшілігі аурудың кеш сатысында, көбінесе III сатысында жүгінеді. Бұл денсаулықты дер кезінде тексерудің маңыздылығын көрсетеді.
Қашан және қайда
13 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында.
Дәрігердің кеңесін кім ала алады
Кеңестер барлық ниет білдірушілерге қолжетімді, жасына, тұратын жеріне және жолдамасының бар-жоғына қарамастан.
Сізді не күтіп тұр
- жетекші онкологтардың тегін қабылдауы;
- қызықтыратын сұрақтарға жауаптар;
- тәуекелдің жеке факторларын бағалау;
- өмір салты және денсаулықты сақтау бойынша ұсынымдар;
- ісіктерді диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері туралы ақпарат.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Іс-шараға не үшін қатысу қажет
Ас қорыту мүшелерінің ауруларын ерте анықтау табысты емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Мынадай белгілерге назар аудару керек:
- іштің ауыруы немесе ауырлығы;
- ісіну;
- тамақтан кейінгі қолайсыздық, тез қанығу;
- жүрек айну, тәбеттің өзгеруі, азық-түліктен жиіркену;
- тері мен көздің сарғаюы, несептің қараюы;
- себепсіз салмақтың азаюы;
- арқаға түсетін ауырсыну;
- түсініксіз шаршау.
Бұл симптомдар әрдайым онкологияны көрсетпейді, бірақ уақтылы тексеруді талап етеді.
Денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз. Қазір өзіңіздің әл-ауқатыңызға қарай қадам жасаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік онкологиялық орталықтарға жүгіну қажет.
Онкологиялық орталықтардың мекенжайлары:
Астана қаласы
ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК
Мекенжайы: Астана қ., Манас к-сі, 17-үй.
Анықтама телефондары: 8(7172) 95-40-33, 95-40-34, 8 778 870 01 68.
Алматы қаласы
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ
Мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 91
8 (727) 292-04-47, 8 (727) 292-18-04, 8 (727) 292-00-61, 8 (727) 292-99-20,
8 (727) 292-99-21, 8 (727) 292-99-30, 8 (727) 292-19-84.
Алматы қаласы
Мекенжайы: Алматы қ., Папанин к-сі, 220А, литер А, 1-қабат.
Анықтама телефоны: 8(727) 312-24-74.
Алматы облысы
«Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы» (АӨМК)
Мекенжайы: Алматы қ., Роза Бағланова к-сі, 69а.
Анықтама телефоны: 8 (727) 367-49-93.
Шымкент қаласы
«Қалалық онкологиялық орталық»
Мекенжайы: Шымкент қ., Байтұрсынов к-сі, 85а.
Анықтама телефоны: 8(7252) 38-00-70.
Ақмола облысы / Көкшетау қ.
«Көпсалалы облыстық аурухана»
Мекенжайы: Көкшетау қ., Ақан сері к-сі, 1в, онкополиклиника.
Анықтама телефоны: 8(7162) 33-04-94.
Ақтөбе облысы
КДО МЦ «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»
Мекенжайы: Ақтөбе қ., Жаңа Қоныс – 8, КДО.
Анықтама телефоны: 53-42-20.
Жетісу облысы / Талдықорған қ.
«Облыстық көпсалалы клиника»
Мекенжайы: Талдықорған қ., Абай к-сі, 316, поликлиниканың 1-корпусы.
Анықтама телефоны: 8(7282) 40-10-55.
Атырау облысы
«Атырау облыстық онкологиялық диспансері»
Мекенжайы: Атырау қ., Владимирский к-сі, 2, емханалық бөлімше.
Анықтама телефондары: 8(7122) 76-60-38, 8(7122) 76-60-40.
Батыс Қазақстан облысы / Орал қ.
ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК
Мекенжайы: Орал қ., Алматинская к-сі, 58.
Анықтама телефоны: 8(7112) 91-80-52.
Қарағанды облысы
ШЖҚ «№3 көпсалалы аурухана» МКК
Мекенжайы: Қарағанды қ., Қ.Аманжолов к-сі, 189.
Анықтама телефондары: 8(7212) 94-05-33, 8 778 021 05 05.
Қызылорда облысы
ШЖҚ «Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы» МКК
Мекенжайы: Қызылорда қ., Берке хан к-сі, 49А (бұрынғы модульді инфекциялық орталық).
Электрондық пошта: skdo_kzo@bk.ru
Анықтама телефоны: 8 778 152 20 95.
Қостанай облысы
КМК «Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасы»
Мекенжайы: Қостанай қ., Кубеев к-сі, 2, жаңа емхана.
Анықтама телефондары: 8(7142) 52-40-77, +7 775 030 91 47.
Маңғыстау облысы / Ақтау қ.
ШЖҚ «Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері» МКК
Мекенжайы: Ақтау қ., 1А шағын аудан, №3 ғимарат.
Анықтама телефоны: +7 771 308 43 16.
Павлодар облысы
ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» МКК
Мекенжайы: Павлодар қ., Ресей к-сі, 57/3 ғимараты, А корпусы.
Анықтама телефондары: 8(7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91.
Солтүстік Қазақстан облысы / Петропавл қ.
МОБ «Онкологиялық орталық»
Мекенжайы: Петропавл қ., Ауэзов к-сі, 133, емхана.
Анықтама телефондары: 8(7152) 35-00-08, 46-60-08.
Абай облысы / Семей қ.
«Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығы»
Мекенжайы: Семей қ., Күтжанов к-сі, 3.
Анықтама телефондары: 8(7222) 69-42-16, +7 702 075 07 80.
Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ.
«Көпсалалы онкология және хирургия орталығы»
Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус, КДО.
Анықтама телефондары: 8(7232) 48-91-51, 8 778 003 78 45.
Ұлытау облысы / Жезқазған қ.
«Көпсалалы облыстық аурухана»
Мекенжайы: Жезқазған қ., Иманжан к-сі, 11, 6-қабат, 14 және 18 кабинеттер.
Анықтама телефондары: 8(7102) 77-31-50, 8 771 283 83 38.
Жамбыл облысы / Тараз қ.
«Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері»
Мекенжайы: Тараз қ., Балауса шағын ауданы, 8-үй (Қызыл жұлдыз ауылына қарсы бетте).
Анықтама телефоны: 8 702 365 39 28.
Түркістан облысы
«Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы»
Мекенжайы: Шымкент қ., Құрманбеков к-сі, 2/6.
Анықтама телефоны: 8(7252) 40-72-01.

















