Онкоурология орталығы несеп-жыныс жүйесінің жаңадан пайда болған ісіктері бар пациенттерге кешенді және дербестендірілген көмек көрсетеді. Мұнда заманауи стандарттар мен инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін клиникалық практика мен ғылыми әзірлемелер біріктірілген.
Орталық 29 орынға есептелген және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Маман-дәрігерлер бүйрек, қуықасты безі, қуық, аталық без және жыныс мүшесі ісіктерінде роботтық, лапароскопиялық және реконструктивті-пластикалық жоғары технологиялық операциялар орындайды.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:
- пациенттерді мультидисциплинарлық тәсілмен жүргізу;
- хирургиялық ем, оның ішінде роботтандырылған және лапароскопиялық операциялар;
- дәрілік терапия (химиотерапия, мақсатты терапия, иммунотерапия);
- халықаралық стандарттар бойынша сәулелік терапия;
- клиникалық зерттеулерге қатысу және онкоурологиядағы жаңа тәсілдерді әзірлеу;
- консультативтік жұмыс және телемедициналық консилиумдар өткізу;
- мамандарды оқыту және симуляциялық тренингтер жүргізу.
Орталық клиникалық, ғылыми және білім беру қызметін үйлестіреді, пациенттерге дербестендірілген және жоғары технологиялық онкокөмекке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұнда резиденттер мен жас мамандар оқытылып, тәжірибелі онкоурологтардың жетекшілігімен клиникалық талдауларға, консилиумдарға және тренингтерге қатысады.
Орталық базасында Қытай және Франция сарапшыларымен бірлескен операциялар, сондай-ақ АҚШ мамандары қатысатын онлайн-роботтық Triple surgery сияқты халықаралық шеберлік кластар мен оқу бағдарламалары өткізіледі. Бұл Орталықтың әлемдік кәсіби қоғамдастыққа тығыз кірігуін көрсетеді. Орталықта жоғары білікті мамандар — медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, PhD дәрігерлер жұмыс істейді. Олар диагностикаға, емдеу ісіне және ғылыми-білім беру бағдарламаларына инновацияларды енгізуде.

Өмірзақов Хусан Талипбайұлы — онкоурология орталығының жетекшісі, жоғары санатты онкохирург-уролог, PhD, 13 жылдық тәжірибесі бар.
Францияда «Гюстава Русси» (Париж) госпиталінде онкологиялық ауруларды емдеудің мультидисциплинарлық тәсілдері бойынша, сондай-ақ Италияда (Милан) онкологиядағы роботтық-ассистенттік хирургия бойынша тағылымдамадан өтті.
Қуықасты безі ісігінің радикалды емін эндовидеохирургиялық әдістермен жетілдіру жөніндегі ғылыми жұмыстың авторы.
«Халық алғысы», «Құрметті түлек», «Бірлік» медальдарымен марапатталған, онкологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен белгіленген.
Ресей онкоурологтар қоғамының, Еуропа және Америка урологтар қауымдастықтарының мүшесі.
Орталықта таяу және алыс шетелдердің жетекші онкологиялық клиникаларында кәсіби тағылымдамадан өткен жоғары және бірінші санатты 4 мейірбике жұмыс істейді. Олардың кәсіби тәжірибесі 2 жылдан 34 жылға дейін.
Орталықта жоғары білікті онкоурологтар жұмыс істейді — заманауи диагностика мен емдеудің тиімді тәсілдерін меңгерген тәжірибелі дәрігерлер.
- Гасанов Зиё Бахшиевич — онкоуролог, 15 жылдық тәжірибесі бар, жоғары санатты дәрігер. Күрделі клиникалық жағдайларды басқарудағы жоғары біліктілігімен және хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдерін қолдануымен ерекшеленеді.
- Қазғалиев Мерей Талғатұлы — онкоуролог-хирург, 16 жылдық тәжірибесі бар, жоғары санатты маман. Жоғары технологиялық операцияларды орындауда мол тәжірибеге ие.
- Закарья Олжас Мұратұлы — онкоуролог, 7 жылдық тәжірибесі бар, бірінші санатты дәрігер. Заманауи диагностикалық және аз инвазивті әдістерді белсенді қолданады.
- Оспанов Дәулет Серікұлы — онкоуролог, 3 жылдық тәжірибесі бар. Қолданыстағы клиникалық хаттамаларды және инновациялық ем тәсілдерін меңгерген перспективалы жас маман.
Барлық мамандар таяу және алыс шетелдердің жетекші онкологиялық клиникаларында кәсіби тағылымдамадан өткен. Бұл олардың халықаралық стандарттарға сай заманауи, жоғары технологиялық және қауіпсіз медициналық көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.

















