Главная Новости Ашық есік күні: профилактикалық тексерудің қорытындылары

Ашық есік күні: профилактикалық тексерудің қорытындылары

от Ернур

Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында асқазан, ұйқы безі және бауыр обырын алдын алу мен ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтті. Іс-шара ас қорыту жүйесі аурулары туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында ұйымдастырылды.

Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – халық арасында тұрақты медициналық бақылау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.

Іс-шараның қорытындылары:

  • 720 адам тегін мамандар кеңесін алып, медициналық тексеруден өтті;
  • 28 пациент қосымша тексеруге жолданды;
  • 63 адамда обырға дейінгі жағдайлар анықталды;
  • 338 пациентте динамикалық бақылауды қажет ететін өзге де аурулар диагнозы қойылды.

Ашық есік күні аясында 625 аспаптық және зертханалық зерттеу жүргізілді, оның ішінде фиброгастродуоденоскопия (ФГДС), компьютерлік томография (КТ) және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) бар.

Халықтың профилактикалық тексерулерге жоғары қызығушылығы алдын алу медицинасының маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Алынған нәтижелер денсаулық сақтау саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін және онкологиялық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған жүйелі жұмысты айқындайды.

Онколог-дәрігерлер азаматтарды дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмай, профилактикалық тексерулер мен скринингтік зерттеулерден тұрақты өтіп тұруға, сондай-ақ медициналық ұсынымдарды қатаң сақтауға шақырады.

Ерте диагностика мен алдын алу – халық денсаулығын сақтаудың және өмір сапасын арттырудың негізгі кепілі.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности