Главная Новости «KazONCO 2025: торакоабдоминалды онкологияның өзекті мәселелері» форумы

«KazONCO 2025: торакоабдоминалды онкологияның өзекті мәселелері» форумы

от admin

2025 жылғы 25-26 қыркүйекте Алматыда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында Қазақ онкология институтының 65 жылдығына орайластырылған «KazONCO 2025: торакоабдоминалды онкологияның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ресейден 700-ден астам маман қатысты.

Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктердің 41 000-нан астам жағдайы тіркеледі, ал диспансерлік есепте онкологиялық диагнозы расталған 242 000-нан астам науқастар тұр.

Онкологиялық аурулар құрылымында өкпе қатерлі ісігінің үлесі 9,3% (жыл сайын 3800-ден астам жаңа жағдай), колоректальды қатерлі ісігінің үлесі — 9,8% (4000-ға жуық жағдай), асқазан қатерлі ісігінің үлесі — 7% (3000-ға жуық жағдай) құрайды.

Спикерлер ретінде Mount Sinai, Нью-Йорк (АҚШ), Memorial Göztepe клиникасының, Стамбул (Түркия), Шандун Университетінің (Қытай), Н.Н. Блохин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының және П.А. Герцен атындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу институтының (Ресей) жетекші халықаралық сарапшылары, сондай-ақ торакоабдоминалды онкология саласындағы отандық мамандары сөз сөйледі.

Форум бағдарламасы аясында отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың негізгі тақырыптар бойынша баяндамалары ұсынылды: «Қазақстанда өкпе қатерлі ісігінің таралуы, динамикасы және негізгі проблемалары»; «Торакалды және абдоминалды онкологиядағы аз инвазивті хирургиялық әдістер» және басқалары

Интервенциялық хирургия бойынша мынадай бағыттар бойынша тәжірибелік шеберлік кластары өткізілді:

  • гепатоцеллюлярлық карцинома және бауыр бірлі-жарым метастатикалық зақымданған кездегі микротолқынды абляция;
  • гепатоцеллюлярлық карциноманың трансартериялық химиоэмболизациясы.

Осындай шеберлік кластары интервенциялық радиологтар мен басқа да мамандарға осы процедураларды орындаудың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл ісік ауруларының әртүрлі түрлерімен ауыратын пациенттерге медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылдың 8 айындағы онкологиялық қызметтің қорытындылары бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы жеке блок ретінде өтті. Онкологиялық ауруларды анықтау, скрининг жүргізу, өңірлік онкологиялық көмекті дамыту және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері қаралды.

Форумның соңғы кезеңі өкпе қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ) пилоттық жобасын енгізу бойынша дөңгелек үстел болды. Қатысушылар ELCAP бағдарламасының халықаралық хаттамаларын, науқастарды бағыттау және жобаны Қазақстанда іске асырудың ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады.

ҚазОжРҒЗИ басқарма төрағасы, профессор Ербол Бекмұхамбетовтың айтуынша, форумды өткізу халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытудағы маңызды қадам болды:

«Халықаралық іс-шаралар отандық денсаулық сақтау саласына үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге, ерте диагностика бағдарламаларын жетілдіруге және онкологиялық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Пікірталас алаңы онкологиялық аурулармен күрес бойынша ортақ шешімдерді әзірлеу үшін түрлі елдердің мамандарын біріктіргені маңызды».

Форумның барлық қатысушылары сынақтық бірліктері бар сертификаттарға ие болды, ал өткізілген пікірталастар одан әрі зерттеулер мен клиникалық қызметке озық тәжірибелерді енгізу бағытын айқындады.

Қазақ онкология институты халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуды және науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру үшін сарапшылар қоғамдастығын қалыптастыруды жалғастырады.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности