Главная страница » Казахстан принял участие в Первом съезде онкологов тюркоязычных государств

Қазақстан түркітілдес мемлекеттер онкологтарының бірінші съезіне қатысты

от admin

2025 жылы 13–14 маусымда Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Түркітілдес мемлекеттер одағы онкологтарының бірінші съезі өтті.

Форумға «Қазақ онкология институты» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы Қазақстан делегациясын бастап барды. Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ол онкологиялық аурулардың өсуіне қарсы іс-қимылға қатысушы елдердің күш-жігерін біріктірудің, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытудың және озық медициналық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Іскерлік бағдарлама аясында қазақстандық мамандар бірқатар тақырыптық баяндамалар ұсынды:

Қусан Талипбайұлы Умурзаков, Қазақ онкология институтының онкоурология орталығының жетекшісі, «Қазақстандағы урологиялық онкологиядағы эпидемиология және аз инвазивті операциялар» тақырыбында баяндама жасады. Ол еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы деректерді ұсынып, урологиялық онкологиялық ауруларды аз инвазивті әдістермен емдеудің заманауи тәсілдерін таныстырды.

Давран Рашидұлы Исаметов, Шымкент қалалық онкология орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі, «Холангиоцеллюлярлы карцинома кезінде ішартериялық химиотерапия» тақырыбын ашып көрсетті, аймақтық-локалды терапия әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Қалдыгүл Қабаққызы Смағұлова, Қазақ онкология институтының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі, «HR+ HER2– метастатикалық сүт безі обыры бар жас пациенттің жолы: уақтылы диагностикадан тиімді терапия тағайындауға дейін» тақырыбында клиникалық жағдайды ұсынды.

Елекбаев Алматбек Мустафаевич, Қазақ онкология институтының онколог-ортопед дәрігері
«Металл құрылымдарын қолдана отырып, ағзаны сақтап қалу бойынша инновациялық ота әдістері»тақырыбын ашып, тәжірибесімен бөлісті.

Мұндай халықаралық форумдарға қатысу кәсіби байланыстарды нығайтуға, білім мен тәжірибе алмасуға, онкологиялық көмектің сапасын арттыруға және Қазақстанның онкология саласын халықаралық медициналық қоғамдастыққа интеграциялауға ықпал етеді.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий