Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) деңгейінде психологиялық көмек көрсететін мамандардың біліктілігін арттырудың Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Онкологиялық науқастардың медико-психологиялық оңалуы» тақырыбында 2 кредит (60 академиялық сағат) көлемінде оқыту бағдарламасын ұйымдастырады. Курстың құны – 49 749 теңге (қырық тоғыз мың жеті жүз қырық тоғыз теңге).
Оқыту жоспарланған мерзімі: 2025 жылғы 23 маусым — 28 маусымға дейін.
Оқуға келесі мамандар шақырылады: психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, онкологиялық науқастармен БМСК деңгейінде жұмыс істейтін оңалту дәрігерлері.
Бағдарламаның мақсаты: онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға психологиялық қолдау көрсету, медико-әлеуметтік сүйемелдеу және кешенді оңалту саласында мамандардың құзыреттілігін арттыру.
Оқығысы келетіндер төмендегі кестеге сәйкес ақпаратты «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның кейінгі білім беру орталығына келесі электрондық пошта арқылы жолдауыңызды сұраймыз: kazior@onco.kz немесе бірыңғай құжат айналымы жүйесі арқылы.
Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 20 маусымға дейін.
Анықтама үшін телефон: 8 777 223 0492 Маерманова Мария Викторовна
Қосымша:
Оқуға өтінім беру кестесі
Қосымша
Оқытуға қатысуға өтінім
№ | Қатысушының Аты-жөні | Жұмыс орны | Мамандығы | Ұйымның электрондық поштасы | Ұялы телефон |
1 | |||||
2 | |||||
3 |