Главная Новости Томотерапия тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енеді ме?

Томотерапия тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енеді ме?

от Ернур

Қазақстандық онкопациенттер томотерапия әдісімен емдеуді қоса алғанда, қажетті медициналық көмекті алуды жалғастырып келеді. Бұл әдіс бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына енгізілген өзгерістер тек қызмет көрсету нысанына қатысты. Енді томотерапия күндізгі стационар жағдайында, радиациялық онколог пен медициналық персоналдың тұрақты бақылауымен жүргізіледі.

Мұндай тәсіл емдеудің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жоғары технологиялық сәулелік терапия әдістерінің халық үшін қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Томотерапия — сәулелік терапияның заманауи әрі дәлдігі жоғары түрі, ол ісікке нысаналы әсер етіп, сау тіндердің зақымдануын барынша азайтады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 32 желілік жеделдеткіш пен 20 гамма-терапиялық қондырғы жұмыс істейді. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес ем жүргізуге және пациенттерді қамту аясын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұрын томотерапия курсынан өткен барлық пациенттер емін мамандардың бақылауымен жалғастырып келеді.

Ауруханаға жатқызу және терапиядан өту мәселелері бойынша азаматтарға тұрғылықты жері бойынша онкологиялық орталыққа жүгіну ұсынылады.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности