Эндоскопия және функционалдық диагностика бөлімшесі онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, диагностикалауға және емдеуге маманданған институттың негізгі бөлімшелерінің бірі болып табылады. Заманауи жабдықтар мен мамандардың жоғары біліктілігінің арқасында зерттеулердің жоғары дәлдігі, процедуралардың қауіпсіздігі және әрбір пациентке жеке көзқарас қамтамасыз етіледі.
Бөлімше қызметін бірнеше негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады:
- ісік және ісік емес аурулардың эндоскопиялық және сараланған диагностикасы;
- морфологиялық верификация және үдерістің таралуын анықтау;
- емдеу тиімділігін динамикалық бақылау және рецидивтерді ерте анықтау.
Бөлімшеде диагностикалық және функционалдық зерттеулердің барлық түрлері орындалады:
- эпифаринголарингоскопия;
- бронхоскопия;
- эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС);
- колоноскопия;
- дуоденоскопия;
- эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ЭРХПГ);
- электрокардиография (ЭКГ);
- пирография және эхокардиография (ЭхоКГ).
Эндоскопиялық емшара жүргізіледі: ісіктерді электродеструкциялау және электроэксцизиялау, шырышты қабықты эндоскопиялық резекциялау, стеноздарды стенттер орнату арқылы реканализациялау.
Барлық манипуляциялар заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда — пациенттің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көктамырішілік седациямен орындалады.

Қалиева Жансая Жалелқызы — бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Онкологияда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман. Қазақстанның жетекші клиникаларында онкология бойынша біліктілікті арттырудан өтті. 150-ден астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде үш монографияның авторы. Ғылыми зерттеулер мен конференцияларға белсенді қатысады, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде дербестендірілген медицинаның заманауи тәсілдерін енгізеді.
ҚР ДСМ-нің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бөлімше құрамында жоғары санатты екі дәрігер, екі медицина ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жоғары және бірінші біліктілік санаттағы екі мейіргер жұмыс істейді. Бөлімшеде сондай-ақ үздіксіз жұмысты және медициналық араласуларды жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасауды қамтамасыз ететін санитар жұмыс істейді.
Бөлімшенің мамандары АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және Еуропаның жетекші клиникаларында оқудан тұрақты өтеді, халықаралық конгрестерге қатысады және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде шетелдік озық тәжірибелерді енгізеді.

















