Главная КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ

КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ

от Ернур

Клиникалық фармакология және госпиталдық фармация бөлімшесі – пациенттердің дәрілік терапиясының қауіпсіздігін, тиімділігін және ұтымдылығын қамтамасыз ететін Қазақ онкология институтының пәнаралық бөлімшесі.

Бөлімнің қызметі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, фармакотерапия сапасын бақылауға және цитостатикалық препараттарды қоса алғанда, дәрі-дәрмектермен жұмыс істеген кезде халықаралық қауіпсіздік стандарттарының сақталуына бағытталған.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  • пациенттерді емдеуді клиникалық-фармацевтикалық сүйемелдеу;
  • дәрілік заттардың өзара іс-қимылы мен үйлесімділігі мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне кеңес беру;
  • формулярлық және фармакоэкономикалық жұмыс;
  • фармакологиялық қадағалау және жағымсыз дәрілік реакцияларды талдау;
  • препараттармен қауіпсіз жұмыс істеу стандарттарын әзірлеу және енгізу;
  • медицина қызметкерлерін тиімді фармакотерапия мәселелері бойынша оқыту.

Диагностикалық және талдамалық қызмет:

Емдеу схемаларына аудит, препараттардың үйлесімділігін бағалау, ерітінділерді дайындаудың дұрыстығын және сапасын бақылау жүргізіледі. Стерильді жағдайларды микробиологиялық бақылауға және цитотоксикалық құралдармен жұмыс істеу кезінде контаминацияның алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Фармакотерапиялық сүйемелдеу:

  • дозалар мен емдеу схемаларын жеке іріктеуді;
  • негізділігін бағалауды;
  • қымбат тұратын препараттарды тағайындауды;
  • тиімсіз схемаларды неғұрлым қауіпсіз және қазіргі заманғы аналогтармен ауыстыруды;
  • цитостатиктерді қоланудың барлық кезеңдерінде — дайындаудан кәдеге жаратуға дейін – бақылауды қамтиды.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • цитостатикалық препараттарды қауіпсіз және дәл ерітуді қамтамасыз ету;
  • айқаспалы ластануды болдырмау және персоналды қорғау;
  • дайын дәрілік нысандарды таңбалау, қаптау және клиникалық бөлімшелерге беру;
  • препараттардың шығынын қатаң есепке алу және бақылау;
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес Г сыныбының қалдықтарын кәдеге жарату.

Рахманбердиева Эльвира Жайдарқызы – клиникалық фармакология және госпиталдық фармация бөлімінің меңгерушісі, клиникалық фармаколог, онколог, химиотерапевт дәрігері. Онкология және клиникалық фармакологияда 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман.

Клиникалық фармация, фармакологиялық қадағалау, денсаулық сақтаудағы сапа жүйесін ұйымдастыру, тиімді фармакотерапия бағыттары бойынша біліктілігін арттырды.

Онкологиялық тәжірибеде ұтымды фармакотерапияға, клиникалық фармакологияға және фармакологиялық қадағалау жүйесіне заманауи тәсілдерді енгізеді.

Бөлім қызметкерлері онкологиялық тәжірибеге клиникалық фармацияның заманауи стандарттарын енгізе отырып, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және білім беру бағдарламаларына белсенді қатысады.

Настройки доступности