Басқа қаладан келген пациенттерге арналған Қазақ онкология институтында ем алу тәртібі
Қазақ онкология институтында емделу жоспарлы түрде Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады. Басқа қаладан келген пациенттерді емдеуге жатқызу үшін:
- Тұрғылықты жері бойынша онкологқа жүгіну (тіркелген жері бойынша емханада) қажет.
- Онколог барлық қажетті тексерулерді тағайындайды және тексеру нәтижелерімен онлайн-режимде Қазақ онкология институтының мамандарымен байланысады;
- Қазақ онкология институтында емдеу жүргізу үшін көрсетілімдер болған кезде онколог дәрігер Сізді Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді.
- Емдеуге жатқызу бюросы (001-3У нысаны) порталының жолдамасында көрсетілген күні пациентке міндетті тексеру тізімінің нәтижелерімен Қазақ онкология институтының қабылдау бөлмесіне келуі қажет.
Алматы қаласының және жақын маңдағы өңірлердің тұрғындары үшін Қазақ онкология институтында ем алу тәртібі
Алматы қаласы мен жақын маңдағы өңірлердің тұрғындары бейінді маманға жазылу арқылы Онкология институтының консультативтік-диагностикалық орталығына тікелей жүгіне алады:
- Бейіндімаманныңқабылдауына жазылу.
- Қазақ онкология институтындаемделугекөрсетілімдер болған жағдайда консультация және тексеру қорытындылары бойынша бейінді маман Сізге Қазақ онкология институты жағдайында емдеу ұсынымдары бар консультациялық қорытынды береді.
- Консультативтікқорытындыментұрғылықты жеріңіздегі емханаңызда тіркелген жері бойынша онколог дәрігерге көріну қажет. Онколог дәрігер пациентті Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және міндетті тексеруді тағайындайды.
- Емдеугежатқызубюросы (001-3У нысаны) порталының жолдамасында көрсетілген күні пациентке міндетті тексеру тізімінің нәтижелерімен Қазақ онкология институтының қабылдау бөлмесіне келуі қажет.
Ауруханаға жатқызу үшін қажетті құжаттар
Науқастың өзімен бірге болуы керек:
- жекекуәлігі;
- ауруханағажатқызукүні көрсетілген 001-3У нысанындағы жолдама;
- міндеттітексерулердіңнәтижелері.
Емдеуге жатқызу үшін міндетті тексерулер тізбесі
- Жалпықан талдауы– ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 14 күнтізбелік күннен аспауы тиіс
- Жалпы несеп талдауы – ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 14 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
- Биохимиялық қанталдауы – ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 14 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
- Коагулограмма – ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 14 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
- RW немесе микрореакция – ауруханаға жатқызылғанкезде 1 айға дейін;
- В және С гепатиттеріне қан талдауы – ауруханаға жатқызылғанкезде 6 айға дейін;
- АИТВ-ға қанды талдау:
1) химиотерапиялық және радиологиялық бейіндегі пациенттер үшін ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 6 айдан аспауы тиіс;
2) хирургиялық бейіндегі пациенттер үшін – ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 10 күннен аспауы тиіс. - ЭКГ (электрокардиограмма) – ауруханаға жатқызылғанкезде 1 айға дейін;
- ЭХОКГ (жүректің УДЗ), кардиологтың консультациясы — 1 айға дейін;
- Кеуде қуысы органдарын тексеру:
1) химиотерапиялық бейіндегі пациенттер үшін — ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 3 айдан аспайтын кеуде қуысы органдарының 2 проекциясындағы рентгенография;
2) хирургиялық және радиологиялық бейіндегі пациенттер үшін – кеуде қуысы ағзаларының 2 проекциясында ауруханаға жатқызу сәтіне дейін 1 айдан аспайтын КТ немесе сандық рентген. - Қантобы және резус-фактор.
Зерттеулер мен клиникалық талдаулардың барлық нәтижелері қағаз тасығыштарда басып шығарылуы тиіс.
Талдаулардың бір бөлігі болмаған жағдайда пациент тұрғылықты жері бойынша немесе Қазақ онкология институтында қосымша тексеруден өте алады.