ҚазОРҒЗИ басшысы Алматы қалалық онкологиялық орталығының қызметімен, атап айтқанда, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі соңғы технологияларды қолданумен, сондай-ақ жұмыс әдістерімен танысты. Алматыдағы онкологиялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы туралы Алматы онкологиялық орталығының директоры Н.Ізбағамбетов баяндады.
2024 жылы онкологиялық орталығында 23 713 онкологиялық науқас мамандандырылған ем алды, 170 мыңнан астам кеңес өткізілді.
2024 жылы АОО-да 3 мыңға жуық ота жасалса, оның жартысынан көбі заманауи аз инвазивті әдістермен жасалған.
Бүгінгі күні онкологиялық орталықтың арсеналында химиотерапияның 50-ге жуық түрі, 40-тан астам таргетті және гормондық препараттар бар, соның арқасында 19 883 науқас химиотерапиялық ем алды (2023 – 18 790 пациент).
Радиология бөлімшеде 1202 науқас сәулелік терапиядан өтті (2023 – 1064 науқас).
Алматы Онкологиялық орталықта ең заманауи диагностикалық әдістер қолданылады, соның арқасында 2024 жылы 702 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Оларға КТ және МРТ, ультрадыбыстық, IHC зерттеулері, цитология және эндоскопия кіреді. Бұл әдістер ең ерте кезеңдерінде қатерлі ісіктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
2024 жылы онкологиялық көмекті жаңғырту бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында АОО-да заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған Эксперттік эндоскопиялық орталық ашылды.