Главная страница » Приезжают на ногах — уезжают на носилках: скольких казахстанцев доставили санавиацией из-за рубежа

Өз аяғымен кетіп, зембілмен қайтады: шетелден қанша қазақстандық санитариялық авиация арқылы жеткізілді

от admin

Кеңестік кеңістікте санитариялық авиация жүйесі сақталған және жүйелі түрде дамып келе жатқан санаулы елдің бірі — Қазақстан.

Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшысы Ержан Әділбеков мәлімдеді.

«Жақында Мысырдан бір әйел адамды жеткіздік — ол инсульт алған. Өкінішке қарай, азаматтарымыз онкологиялық ауруларды емдету үшін Оңтүстік Корея, Түркия сияқты елдерге жиі барады. Көп жағдайда — үшінші, төртінші сатысында, ауру асқынған кезде. Олар шетелге өз аяғымен барады, бірақ жағдайы нашарлап кетіп, біз оларды елге қайтаруға мәжбүр боламыз», — деп түсіндірді Әділбеков.

Оның айтуынша, қазақстандық онкологиялық көмек халықаралық стандарттарға сай және шетелдік емнен кем түспейді.

Науқасты санитариялық авиациямен тасымалдау тек медициналық көрсеткіштер мен техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда жүзеге асырылады. Арнайы медициналық комиссия әрбір жағдайды жеке қарастырып, нақты клиникалық критерийлерге сәйкес шешім қабылдайды.

«Біз барлық адамды эвакуациялай алмаймыз. Белгілі бір медициналық талаптар бар», — деді орталық басшысы.

2025 жылы шетелден санитарлық авиация арқылы 5 қазақстандық пациент жеткізілді. Орта есеппен жылына 15-ке жуық ауыр науқас елге қайтарылады.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий