3,1Тысяч
2025 жылғы 9 шілде күні «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов Алматы облыстық көпбейінді клиникаға жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовпен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі онкологиялық көмекті дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда:
- көпбейінді клиниканың жаңа корпусын салу;
- халықты онкоскринингпен қамту аясын кеңейту;
- медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету.




















