772
2025 жылы 12 сәуірде АО «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» (ҚазОжРҒЗИ) базасында «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бастамасы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының өкілдері қатысқан стратегиялық кездесу өтті.
Іс-шара Алматы қаласында Протондық және ядролық терапия орталығын құруға бағытталған жоғары медициналық технология саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды кезең болды.
Отырысқа:
•Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасы
•Асия Айқанқызы Ақанова, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
•Саябек Қуанышбекұлы Сахиев, «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бас директоры;
•Нұрсұлтан Аманғосұлы Ізбагамбетов, Алматы онкология орталығының директоры;
•Минхао Чжоу (Minhao Zhou) — Шанхайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесінің (CCPIT Shanghai) төрағасы, «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қолдау көрсету қауымдастығының төрағасы;
•AppleRay (Shanghai) Health Tech. Co., Ltd компаниясының делегациясы — протондық терапия саласындағы шешімдерді әзірлеу мен өндіру бойынша Қытайдың жетекші кәсіпорны, Comprehensive Solution for Proton Therapy Center тұжырымдамасының авторлары қатысты.
Кездесу барысында ҚазОжРҒЗИ ғылыми ұжымы жобаға ғылыми сүйемелдеу, бейінді кадрларды даярлау және жоғары медициналық технологияларды локализациялау бойынша ұсыныстар берді.
Келіссіз соңында мынадай негізгі ынтымақтастық бағыттар бойынша уағдаластыққа қол жеткізді:
•ядролық және протондық терапия саласындағы мамандарды бірлесіп даярлау;
•Қазақстан мен Қытай медициналық мекемелері базасында білім беру бағдарламаларын және кәсіби тағылымдамаларды әзірлеу және іске асыру;
•онкологиялық науқастарға жоғары технологиялық көмек көрсетуге бағытталған инновациялық медициналық мекеме — Протондық және ядролық терапия орталығын бірлесіп құру жобасын іске қосу.
Аталған жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің онкология саласындағы стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келеді және халықаралық ғылыми-медициналық серіктестікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.