Главная Басшының блогы

Басшының блогы

от admin

Басшының блогына қош келдіңіздер!

Құрметті сайтқа кірушілер!

Басқарма төрағасының блогына қош келдіңіздер! Бұл онлайн алаң арқылы сіздермен тікелей пікір алмасу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Қазіргі заманауи технологиялар бізге бір-бірімізге жақынырақ болып, ойларымызбен бөлісуге, идеялар ұсынуға және Қазақстан Республикасындағы онкологиялық қызметті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде Сіз өз сұрағыңызды қойып, ұсынысыңызды білдіре немесе пікіріңізбен бөлісе аласыз. Онкологиялық көмек көрсету жүйесін анағұрлым қолжетімді, сапалы және пациентке бағытталған етуге сындарлы қарым-қатынастың көмектесетініне сенімдімін.

Құрметпен,
Ербол Жасуланұлы Бекмухамбетов
Басқарма Төрағасы

     

    Блог пайдаланушыларына арналған ақпарат

    Блог Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 63-VII Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету және мекеме қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында құрылды.

    Әрбір өтініш Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен қаралатын болады – тіркелген сәттен бастап 20 жұмыс күніне дейін. Қосымша зерделеу немесе ақпарат сұрату қажет болған жағдайда, өтініш берушіні хабардар ете отырып, мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 2 айдан аспауға тиіс.

    Қарауды жеделдету үшін сұрақтарды нақты және мәні бойынша тұжырымдауды, байланыс деректерін көрсетуді, сондай-ақ бұрын орналастырылған материалдармен алдын ала танысуды сұраймыз – бәлкім, сіздің сұрағыңыздың жауабы сол жерде жарияланған болар.

    Өтiнiштердi жiберу кезiнде берiлген дербес деректер өтiнiш берушiмен байланыс үшiн ғана пайдаланылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға беруге жатпайды.

    Настройки доступности