Ішкі аудит қызметі — ішкі аудитті, ұйымның қызметін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңестер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын «ҚазОРҒЗИ» АҚ органы.
Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі — ІАҚ) тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративтік басқару үдерістерін бағалауға және тиімділігін арттыруға жүйелі және дәйекті тәсілді пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.
ІАҚ функционалды түрде Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді.
Қызмет Ішкі аудит қызметі туралы ережемен реттеледі.
ІАҚ миссиясы Директорлар кеңесіне олардың Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда қажетті жәрдем көрсету болып табылады.

















