Главная страница » В Казахском институте онкологии проходит обучение по международным программам BLS и ACLS

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында BLS және ACLS халықаралық бағдарламалары бойынша оқыту жүріп жатыр

от admin

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында BLS және ACLS халықаралық бағдарламалары бойынша оқыту жүріп жатыр

2025 жылғы 19 мамыр мен 3 маусым аралығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында халықаралық стандарттар негізінде әзірленген базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы бағдарламалары — BLS (Basic Life Support) және ACLS (Advanced Cardiovascular Life Support) бойынша білім беру курсы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама мекеменің барлық қызметкерлерін — әкімшілік-басқару персоналынан бастап орта медицина қызметкерлері мен санитарларға дейін қамтиды. Мұндай кешенді қамту шұғыл әрекет ету мәдениетін қалыптастырып, командалық жұмысты нығайтады және төтенше жағдайларда дайындық деңгейін арттырады.

📊 Оқыту аясында:
🔹 BLS бағдарламасы бойынша — 541 қызметкер дайындықтан өтті,
🔹 ACLS бағдарламасы бойынша — 34 маман оқытылды.

Білім беру үдерісі кәсіби біліктілікті арттыруға және шұғыл көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған. Бұл пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

👩‍⚕ Оқытуды тәжірибелі, сертификатталған нұсқаушылар жүргізеді:
▪ Бас нұсқаушы — Мамутова Айнұр Табыңбайқызы
▪ Сущих Кирилл Валерианович
▪ Орал Мөлдір Өмірбекқызы
▪ Чедырбаева Гүлмира Тілегенқызы

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий