Главная Новости Қазақстанда онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу толық көлемде жалғасуда

Қазақстанда онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу толық көлемде жалғасуда

от Ернур

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан балаларға сәулелік терапияның жоқ екендігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елімізде балаларға арналған мамандандырылған онкологиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық сәулелік емдеу әдістері жоспарлы түрде көрсетіліп, тоқтаусыз жалғасуда.

Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі. Сәулелік терапия, оның ішінде заманауи технологияларды қолдану арқылы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОжРҒЗИ) және Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (ҰҒОО) базасында қолжетімді. Бұл медициналық ұйымдарда бейінді мамандар, қажетті инфрақұрылым және бала пациенттермен жұмыс істеуде жинақталған тәжірибе шоғырланған.

Онкологиялық аурулары бар балаларды емдеуде ең аялауыш және дәл технологияларға басымдық беріледі. Таңдаулы әдіс ретінде Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық базасында жүргізілетін және мемлекет тарапынан толық қаржыландырылатын жоғары технологиялық протонды терапия болып табылады.

Томотерапия да мемлекет есебінен төленетін сәулелік терапия түрлерінің тізімінде қала береді. 2025 жылдан бастап күшіне енген өзгерістер тек ұйымдастырушылық сипатта болып, бұл қызметті амбулаторлық деңгейден стационарлық деңгейге ауыстырумен байланысты. Бұл шешім, әсіресе балалар үшін емдеудің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында қабылданды және пациенттердің медициналық көмекке қолжетімділігін шектемейді.

Жекелеген жеке медициналық орталықтарда томотерапияны уақытша тоқтату келісімшарттық және ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты және бұл сәулелік терапияның жалпы қолжетімділігіне әсер етпейді. Жеке клиникалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және өңірлік онкологиялық орталықтармен қарым-қатынастарын өз бетінше құрады.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда елімізде 28 желілік жеделдеткіш және гамматерапиялық аппарат жұмыс істейді, бұл онкологиялық аурулары бар балаларды емдеуді қоса алғанда, қажетті көлемде сәулелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Балаларға онкологиялық көмек көрсету саласындағы барлық шешімдер пациенттің мүдделеріне басымдық бере отырып қабылданады және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына және әрбір баланың заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділігіне бағытталған.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности