Главная Новости Плевра мезотелиомасын радиологиялық әдістермен анықтау: халықаралық тәжірибе және кәсіби талқы

Плевра мезотелиомасын радиологиялық әдістермен анықтау: халықаралық тәжірибе және кәсіби талқы

от admin

2025 жылғы 20 маусым күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты «Плевра мезотелиомасы: радиологиялық диагностика және негізгі аспектілер» тақырыбында оқу вебинарын ұйымдастырды.

Вебинардың негізгі баяндамашысы — Dr. Marianna Zagurovskaya, MD, Индиана университетінің радиология және бейнелеу ғылымдары кафедрасының доценті, Indiana University Health Partners (АҚШ) өкілі.

Іс-шара аралас форматта өтті: қатысушылардың бір бөлігі институттың кіші конференц-залында офлайн қатысса, қалғаны Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды. Вебинарға барлығы 100-ге жуық маман — ренгенология, онкология, ядролық медицина және радиология саласындағы дәрігерлер қатысты.

Dr. Zagurovskaya өз баяндамасында плевра мезотелиомасын бейнелеудің заманауи тәсілдерін таныстырып, нақты диагностикалық белгілер мен мультидисциплиналық тәсілдің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіби аурулар, соның ішінде асбестоз секілді зиянды өндірістік әсерлердің бұл аурудың дамуындағы рөлі кеңінен қарастырылды.

Баяндамадан кейін қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу болды. Мамандар күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, өзара тәжірибе бөлісіп, практикалық сұрақтарына жауап алды.

Бұл вебинар шетелдік тәжірибемен танысуға, кәсіби байланысты нығайтуға және радиологиялық диагностика саласындағы білім мен біліктілікті арттыруға мүмкіндік берді.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности