Главная Пациентке қолдау қызметі және ішкі саралау

Пациентке қолдау қызметі және ішкі саралау

от admin

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес ҚазОРҒЗИ-да ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ жұмыс істейді.

Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің функцияларына:

— медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасының бұзылуын анықтау;

— пациенттердің шағымдары мен өтініштерін қарау;

— медициналық қызметтерге ішкі сараптама жүргізу жатады.

Егер Сіз:

— көрсетілген медициналық көмектің сапасына наразылық білдірсеңіз;

— медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;

— тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақша талап ету факторларына тап болсаңыз.

— немесе медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да мәселелеріңіз болса – Сіз Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне хабарласуыңызға болады.

Өтінішті қалай беруге болады?

— Сізге ыңғайлы болу үшін 101-кабинетке (әкімшілік корпус) жеке жүгіне аласыз;

— өтінішті e-mail-ға жібере аласыз: audit.onco@mail.ru;

— сағат 08:30-дан 17: 00-ге дейін қоңырау шалып немесе WhatsApp 8 775 121 45 93 нөміріне жазыңыз;

— жазбаша өтінішті (ТАӘ және байланыс деректерін көрсете отырып) медициналық ұйымға кіре берісте орналасқан өтініштер жәшігінде қалдыруға болады;

I-Komek – 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы хабарласуға болады.

Сіздің өтінішіңіз өтініш берушінің қатысу мүмкіндігімен комиссиялық және объективті қаралатын болады.

Қарау мерзімі — 5 күнтізбелік күнге дейін.

Қаралғаннан кейін Сізге нәтижелері туралы ресми ақпарат берілетін болады.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ САУАЛНАМА ЖҮРГІЗУ

Медициналық көмектің сапасын арттыру үшін пациенттер мен олардың туыстарына бейесімді ерікті сауалнама жүргізіледі. Егер Сіз сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап берсеңіз, біз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің пікіріңізді неғұрлым дәл көрсететін жауаптарды таңдаңыз және біздің ұйымға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға өз үлесіңізді қосыңыз. Сіздердің жауаптарыңыз бізге жұмысты жақсартуға және емдеуді ыңғайлы етуге көмектеседі.

Сенім телефоны: 8 775 121-45-93

Сенім телефоны:

— азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға;

— пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға;

— сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға;

— кері байланысты қамтамасыз ету және жұмыстың ашықтығын арттыруға арналған.

Настройки доступности