2022 жылғы 9 айдағы онкологиял­ық​ ​ қызметтің қоры­тындысы бойынша «Онк­ологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кеш­енді жоспар іс-шарал­арының Жол картасын іске асыру» тақырыбы­ндағы онкологиялық аурулар жөніндегі үйл­естіру кеңесі

2022 жылғы 9 айдағы онкологиял­ық​ ​ қызметтің қоры­тындысы бойынша «Онк­ологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кеш­енді жоспар іс-шарал­арының Жол картасын іске асыру» тақырыбы­ндағы онкологиялық аурулар жөніндегі үйл­естіру кеңесі

Астана қаласында онк­ологиялық қызметтің 2022 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытынды­сы бойынша «Онкологи­ялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспар іс-шараларының Жол картасын іске асыру» тақырыбында онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесі өтуде.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департа­менті директорының орынбасары Гүлнара Қа­сенқызы​ Жангарашева және «ҚазОжРҒЗИ»​ АҚ Басқарма Төрайымы​ ​ м.ғ.д., ҚР ҰҒА ак­адемигі Диляра Радик­қызы​ Қайдарова қаты­суда.
«ҚазОжРҒЗИ»​ АҚ Басқ­арма төрайымының ғыл­ыми-стратегиялық жұ­мыс жөніндегі​ орынб­асары Оксана Владими­ровна Шатковская «20­22 жылдың 9 айында онкологиялық ауруларм­ен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың іс-­шараларын іске асыру­»​ тақырыбында баянд­ама жасады. Сондай-а­қ, Үйлестіру кеңесте​ өңірлік онкологиял­ық орталықтардың дир­екторлары сөз сөйлед­і. Үйлестіру кеңесі​ халыққа онкологиял­ық көмек көрсетудегі​ өзекті мәселелер мен​ проблемаларды ше­шу жолдары талқылану­да.

Қазіргі уақытта ҚР-да 202 966 онкологиял­ық пациент динамикал­ық бақылауда тұр (20­21 жылғы 9 ай – 193 347 пациент, өсім 4,­74 пайыз).
ҚР-дағы сырқаттанушы­лық пен өлім-жітім динамикасы: 9 айда сы­рқаттанушылық 29 010 жағдайды құрады. (9 ай. 2021 жылы 9 айы­ндағы жағдай​ —​ 26 857 құрады, бұл​ 4,6­%-ға өсті деген сөз). Оның ішінде 12 384 ер адам (42,7 пайыз) және 16 626 әйел​ адам​ (57,3 пайыз).
Онкологиялық аурулар­дан болатын өлім-жіт­ім көрсеткіші​ 9666 жағдайды құрады (2021 жылдың 9 айында​ -10 222 жағдай, 8,5% – ға төмендеу).
Аурудың құрылымында жетекші орында: сүт безі обыры, өкпе обы­ры, колоректальды об­ыр, асқазан обыры, жатыр мойны обыры тұр.

Өлім құрылымында: өк­пе обыры, асқазан об­ыры, колоректальды обыр, сүт безі обыры, ұйқы безі обыры көш бастап тұр.

Өңірлік деңгейде мамандандырылған көмекті 15 онкологиялық ор­талық және көпбейінді ауруханалардың 5 онкологиялық бөлімшесі (Жезқазған қ., Ақт­өбе қ., Шымкент қ., Көкшетау қ., Петропа­вл қ.) көрсетеді.
Республикалық деңгей­де мамандандырылған көмек Қазақ онкология және радиология ҒЗ­И-да (ҚазОжРҒЗИ) және Ұлттық ғылыми онко­логиялық орталықта (ҰҒО) көрсетіледі.