2023 жылдың 22-28 мамырында Қазақстанда «Stop – меланома!» атты меланома және тері ісігі туралы ақпараттандыру апталығы өтті.

2023 жылдың 22-28 мамырында Қазақстанда «Stop – меланома!» атты меланома және тері ісігі туралы ақпараттандыру апталығы өтті.

Апталық аясында Қазақстанның онкологиялық орталықтарында ашық есік күндері өтті. 1379 науқасқа кеңес берілді, оның ішінде 92-де (6,7%) терінің қатерлі ісігі, ал 158-інде (11,5%) ісік алды процестер анықталды.
«Тері қатерлі ісігі – бұл көзбен көруге болатын визуализация, тіпті пациенттің өзі терісіндегі кейбір өзгерістерді, меңдерді көріп, дереу дәрігерге жүгіне алады. Көбінесе әйелдер терінің қатерлі ісігіне шалдығады, бұл олардың жиі күн сәулесіне түсуіне байланысты болуы мүмкін.
Ең бастысы – дер кезінде дәрігерге жүгіну. Егер мең өзгерсе, қан кете бастаса, түсі өзгерсе немесе жаңа меңдер пайда болса, сіз оны міндетті түрде маман онкодерматологқа көрсетуіңіз керек. Көбінесе ерте диагностика науқастың өзіне байланысты, ол неғұрлым ертерек жүгінсе, ем соғұрлым нәтижелі болады», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.
Онкологтар меңдерді сұлулық салондарында емес, мамандандырылған клиникаларда алып тастауға кеңес береді. Жоюдан кейін материалды гистологияға жіберу керек, ол пролиферация дәрежесін (қатерлі ісік ықтималдығына) тексеріледі.