2018 жылдың 26 қарашасында сағат 14:30-да «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-да Ғылыми кеңес отырысы өтеді.
Ғылыми кеңес отырысының күн тәртібі:
1. 2018 жылы жасаған жұмыстары туралы жас ғалымдар Кеңесінің есебі.
Баяндамашы: Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Толешбаев Диас Кайратович
2. 2018 жылы PhD докторантураға түскен PhD докторанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарын бекіту.
Баяндамашылар:
* Гасанов Зие Бахшиевич «Қазақстанда қуықалды безі қатерлі ісігінің агрессивті нысанын ере диагностикалау».
* Омарбаева Назгуль Айдарбековна «Қазақстан Республикасында сүт безі қатерлі ісігінің дамуындағы генетикалық мутацияның рөлі »
* Джуманов Абай Игликович «Қазақстандағы КРР скринингінің медициналық-экономикалық тиімділігі»
* Ансатбаева Толганай Насыровна «Қатерлі ауруы бар ем қонбайтын науқасқа мобильді амбулаториялық қызмет көрсету моделінің ғылыми-практикалық негіздемесі»
* Толешбаев Диас Кайратович «Миішілік ісіктер диагностикасындағы мультипараметрлік магнитті-резонансты томография»
* Панина Александра Сергеевна «Өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау кезіндегі төмен дозалы компьютерлік томография»
* Айнакулова Акмарал Сериковна «Сүт безі қатерлі ісігін ерте диагностикалаудағы заманауи сәулелік зерттеу әдістері»
* Джазылтаева Акмарал Савитовна «Қазақстанда Т-жасушалы лимфомалардың рефрактерлік және қайталанатын түрлеріндегі PDL1 акуыз бейнелілігінің клиникалық маңыздылығы»
* Арынов Ардак «Өткір және созылмалы қан аздық кезінде қан құюдың көрсеткіштерін анықтауға дербестендірілген тәсілдеме»
* Насрытдинов Тимур Султанович «Қазақстан Республикасындағы бауыржасушалық карцинома бауырының клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамалары және жетекші этиологиялық факторларды ескере отырып, түрлі емдеу әдістерінің нәтижелері»
3. 2018 жылы магистратураға түскен магистранттардың ғылыми жұмыс тақырыптарын бекіту.
Баяндамашылар:
* Любко Светлана «Онкологиялық аурулар диагностикасында FISH әдістерін қолдану»
* Перова Ирина Александровна «Биомассадағы фенолдардың шығуын арттыру үшін кейбір цианобактериялардың өсіру жағдайларын оңтайландыру»
* Мелис Карлыгаш «Онкологиялық ауруы бар науқастардың мінез-құлқы көрінісінде өзіне-өзі қол жұмсаудың байқалу психологиялық факторлары»
4. Ж.М. Аманкуловтың, Ж.Ж. Жолдыбайдың, Д. Редженің «ВИРТУАЛЬНАЯ КОЛОНОСКОПИЯ» әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту. Рецензенттер: м.ғ.д., профессор К.Х. Мухамеджанов, м.ғ.д., профессор Н.Т. Балтабеков.
Баяндамашылар: сәулелік диагностика бөлімшесінің дәрігері Аманкулов Жандос Аманкулович
5. Әртүрлі
Ғылыми және клиникалық бөлімшелердің барлық қызметкерлеріне қатысу міндетті.